Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Сервистік қызмет барда техника тоқтамайды

20.09.2024
- Өндіріс өрісі
0
Сервистік қызмет барда техника тоқтамайды
95
БӨЛІСТІ
265
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бүгінде еңбек нарығында жер асты техникаларына сервистік қызмет көрсету саласы сұранысқа ие. Шыңырауда кен өндіру үдерісінің толықтай жүзеге асуында бұл қызметтің маңыздылығына «Қазақмыс» баса мән беріп отыр. Осы орайда «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС құрамындағы Жезқазғансервис кәсіпорнының Оңтүстік Жезқазған кеніші № 65 шахтадағы сервистік телімі жайында сөз еткенді жөн санадық.

Аталмыш телім басшысының орынбасары Вадим Моцак өндірістегі аталмыш құрылым жайында былайша баяндады:

– Біздің негізгі жұмысымыз тау-кен жабдықтарын жөндеу болып табылады. Ұжымда 65 адам бар. Кен тиейтін, таситын техникалардың сақадай сай болуына тікелей біздің ұжым жауапты. Бір ауысымда 20 техникаға дейін жөндеп үлгереміз. Сервистік қызмет әр шахтада өте маңызды рөл атқарады. Өйткені, техниканың қай түрі болсын сынбай, бұзылмай тұрмайды. Шахта жұмысы тұрып қалмау үшін сервистік қызмет телімі күндіз-түні тынымсыз жұмыс істейді. Мұнда 3 бригада бар. Олардың қай-қайсы болсын өзіне жүктелген міндетті уақытында атқарып келеді.

Бригадир Азамат Бекенеев, электрслесарьлар Марат Ерденов, Виктор Шишалов, Юрий Исайкин, Жамбыл Төлегенов, Жасұлан Ізтлеуов сынды майталмандар саланың дамуына айрықша үлес қосып келеді. Дарқан Сағындықовтың басшылығындағы телім жұмысының алға басуында ұжымның ауызбіршілігі, ынтымақтастығы қолдау болуда. Аға буын кейінгі жастарды осы мамандыққа баулып, білгендерін үйрету дәстүрі берік сақталған. Мен өзім де жас маман болып келгенде ағалардың тәлімін көп көрдім, – деді Вадим Анатолийұлы.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

Мен тілдескен Вадим Моцакты бір көрген адам қазақ деп қалуы ғажап емес. Ұлты өзге болса да қазақ тілін бізден кем білмейді. Қазақ тілін таза әрі ашық сөйлеу әдісін қалай меңгергендігін сұрағанымда, ол: – Мектеп жасына дейін, ауылда меңгеріп алғанмын. Араласқан ортамда қазақи болды. Сондықтан қазақ тілін үйрену маған аса қиындық тудырған жоқ. Қазақ жерінде тұрып, оның тілін, дәстүрін сыйлап, құрметтеу кім-кімге болсын парыз деп білемін. Осы құтты мекенде туып, өсіп, суынан нәр алғасын тілін де қадірлеймін, – деді.

Телім электрслесарьлары  техниканың жағдайын бақылауда

Вадим Моцак 2010 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС технологиялық колледжін тау-кен электрмеханигі мамандығы бойынша тәмамдаған. Қарағанды техникалық университетінен инженер-электр және энергетик мамандығы бойынша дипломын алды. 2018 жылдан бері «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС құрамында еңбек етіп келеді. Вадим Моцак сервистік қызмет барда техника тоқтамайды деген ұстанымды берік қалыптастырған. Сондықтан ол бұл бағыттағы жұмыстың кен өндірісіндегі маңыздылығын өзінен кейінгі буынға іспен дәлелдеп келеді.

Вадим Анатолийұлы ұжымында білікті маман, іскер ұйымдастырушы болса, отбасында ардақты отағасы, екі баланың арқасүйер әкесі.

Мақалаға арқау болып отырған сервистік телімнің жүйелі жұмысының арқасында ауыр техникалар межелі міндеттерін уақытында орындап, кен өндіруге зор үлес қосуда.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ

 

 

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру