Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Сен және мен»

03.06.2022
- Руханият
0
Сен және мен»
106
БӨЛІСТІ
295
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ойрандалған бақыт бесігі – Отбасы, қасіреттің қара орманы – Жалғыздық, өмірдің үзілмес құмсағаты – Үміт арқау болған Ұлан Болатбек пен Әлішер Рахаттың С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында Шағуан Үмбетқалиев сахналаған шығармасы осылай аталады. Түйіндеп айтсақ, қойылым керемет! Сөзбен айтсаң сөлі кетеді, солаураны сезініп, түсінукерек…

Көздің құртын жеген қу дүние дара құндылыққа айналған, жылмақайлар «жұмыртқадан жүн қырыққан», алдау-арбау алдыңғы қатарға шыққан заманда «Адам» деген ардақты атқа кір шалдырмауды, отбасын ұйыған айрандай ұстауды, қоғам мен ұрпақ, адам мен Ар алдындағы жауапкершілікті сезінуді балалар үйінің тәрбиеленушісі Арман (Мәди Сәденов) мен өмірде шалыс басып, кейін «тірі жетімді» тегіне қарап «түбі немерем болар» деп үміттенген Қаһар қария (Досжан Жанботаев) арасындағы психологиялық арбасу арқылы көрермен назарына ұсынады.

Қойылымда қарттар үйінде күн кешіп жатқандар мен балалар үйін жөндеу кезінде уақытша сонда орналастырылған тәрбиленушілердің ұқсас тағдыры мен қарым-қатынасы қоғамдағы үлкен әлеуметтік мәселенің бетін ашуға түрткі болады. Шығармадағы идеяны ширатып, одан әрі дамытқан қоюшы режиссер жақындарынан қағажу көрген қарияның, ата-ана мейіріміне шөліркеп ер жетіп келе жатқан жаутаң көз жетімдердің жалғыздыққа ұшыраған ішкі жанайқайын көрерменге жеткізуге ұмтылған. Олардың келер күнге деген үмітін өшірмеуге, қоғамда белең алып бара жатқан осынау дертті асқындырмай, алдын алуға үндейді. Қартын қадірлеп, жетімін жылатпаған халық атадәстүр, асыл қасиетін жоғалтып алмасына сенеді.

Санаға сәуле түсіріп, жүрекке салмақ салған қойылымнан көрерменнің көңілге түйері көп. Артымыздағы қатарда отырғанананың солқылдап жылаған қызын жұбата алмай: «Елден ұят болады, жүр сыртқа шығайық» деп алып кеткенін құлақ естіп, көз көрді. Екі сағатқа созылған спектакльде көрермен қайта-қайта қол соғып, ерекше ықылас білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

«Ұлытау облысын құру туралы Жарлықтан кейінгі алғашқы премьера қатты тебірентті» деген қала басшысы Қайрат Әбсаттаров таетр ұжымын ілкімді ізденісімен құттықтап, бас кейіпкер – Қаһар қарияның бейнесін сомдаған Қазақстанның Халық артисі Досжан Жанботаевтың иығына оқалы шапан жапты.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 

Бөлісу42Твитерге27
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру