Ел көлеміндегі ірі компаниялардағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін қорғауда стратегиялық бағдарламасы берік қалыптасқан «КәсіпҚорған» кәсіподағыны екпіндік еңбекпен өндірісті өрге бастырып келе жатқан «Қазақмыс» Холдинг» ЖШС-мен бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асыруда.
Еңбекті қорғау саясатына бақылау жүргізу, қызметкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда заңдық негізде мәселесін шешу сынды бағыттарда кәсіподақ ұйымы тосылып қалған жоқ. Еңбек жағдайын жаөсартуға қосылған үлестен бөлек, «КәсіпҚорған» кәсіподағы еңбеккерлерді сауықтыруда да іргелі істермен ерекшеленіп келеді. Кәсіподаққа тиесілі филиалдар аймақтағы спорттық сауықтыру орталықтары, жаттығу залдары, түрлі ем-дом жасайтын шағын емханалармен келісімге келу арқылы, еңбеккерлердің денсаулықтарын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға баса көңіл бөліп отыр. Әсіресе мұндай ауқымды жұмыстар «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалында жолға қойылған. Филиалдың аппарат жетекшісі Жанар Салықованың айтуынша, қазіргі таңда филиалға мүше еңбеккерлер Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы жаттығу залдарында, кеншілер шаһарындағы спорттық сауықтыру кешеніндегі бассейніне, Бубновский орталығы мен «Шипа тұз» шағын емдеу орталығына жолдамалар беріледі. Биылғы жылдан бастап, кәсіподақтың жеңілдігімен жазғы мезгілде «Горняк» демалыс аймағында қуанышты жағдайларды атап өтуге болады.
– Біз филиал құрамындағы еңбеккерлердің жұмыстан тыс уақыттарын тиімді өткізу үшін түрлі жобаларды қолға алып отырмыз. Соның қатарында денсаулықты нығайтуға, сауықтыруға арналған шаралар легі жалғасын тауып келеді. Жезқазған, сәтбаев қалаларында бар мүмкіндікті пайдалану арқылы біз өз мүшелеріміздің денсаулығын жақсартуға барынша қолдау көрсетудеміз, – дейді Жанар Салықова.
Еңбек ету табыс көзі болса, сол еңбекке қажетті басты күш – денсаулықты нығайтуда «КәсіпҚорған» кәсіподағы өз мүшелері үшін алда да жобаларды дамыта бермек.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.