Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Сәулет – тележоба үздігі

29.11.2024
- Өндіріс және өмір
0
Сәулет – тележоба үздігі
111
БӨЛІСТІ
309
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Республикалық «Jibek Joly» телеарнасы көрермендеріне «100 Sarbaz» атты жаңа әскери-патриоттық реалити жоба ұсынуда. «100 Sarbaz» деп аталатын бұл шоу – қазақ телевизиясындағы әскер саласына арналған алғашқы ауқымды әрі бірегей жоба. Бағдарлама жүргізушісі – белгілі кино және театр актері Берік Айтжанов.

Жобаның мақсаты – жауынгерлердің адами портретін көрсету. Әскери қызметкерлердің ең жақсы қасиеттерін – батылдығын, жігері мен ержүректілігін паш ету. «100 Sarbaz» – намыс жобасы. Оған Әуе қорғанысы күштері, Құрлық әскерлері, Ұлттық ұлан сияқты он команда қатысады. Медиа нарығы үшін ерекше жоба. Бұл патриоттық тележобаға «Қазақмыс» корпорациясының құрылымдарында еңбек етіп жүрген, спортты серік еткен азаматтар да қатысып, бақ сынауда. Солардың қатарында Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің еңбеккері Сәулет Торғаев бар.

Рухты да отаншыл азаматтарды біріктірген жобада бақ сынаған Сәулет Әбдімәжитұлы жобаның бірінші кезеңінде үздік деп танылып, «100 Sarbaz» медалімен марапатталды. Сәулет Торғаев трестің № 7 күрделі тау-кен телімінде өздігінен жүретін жерасты техникасының машинисі болып еңбек етуде. Оның бұл салаға келгеніне биыл 15 жыл толыпты. Қазір бригада басқаруда. Спорттың ерекше және елімізде енді дамып келе жатқан түрі стритлифтингпен шұғылданатын Сәулет Әбдімәжитұлының физикалық тұрғыдағы дайындығы жобадағы кедергілерден өтуге жол ашты.

– Мен стритлифтингпен 2009 жылдан бері айналысамын. Бұл негізінен екі жаттығуды қамтитын күштік спорт түрлерінің бірі. Денені турникке тартылу және қосымша салмағы бар арнайы жабдықпен сығымдалу арқылы шынықтыру болып табылады. «100 Sarbaz» жобасындағы талаптардан өтуде осы жылдар ішіндегі дайындығым көп көмек берді. Жобада қатысушылардың әскери дайындығы сыналды. 14 қазанда бастау алған реалити- шоудың алғашқы көрсетілімі 30 қарашада «Jibek Joly» телеарнасынан көрерменге жол тартады, – деді Сәулет Торғаев.

Өндірісте жүріп, спортты серік еткен Сәулет Әбдімәжитұлының оң талабын қолдаған ата-анасы, отбасы оның жобада үздік болатынына сенім білдірді. Күткендегідей ол жеңімпаздар қатарынан көрінді. Жобада сәтті бақ сынаған Сәулет Торғаевты Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің директоры Қайрат Керімқұлов құттықтап, намыстың туын желбіреткен азаматқа алғысын білдірді.

– Отанға деген шынайы сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптеудегі ынтаңыз үшін ұжым сізге ризашылығын білдіруде. Екпінді еңбекпен қатар спортты да серік еткен сіздің ынта-жігеріңіз көп жастарға үлгі. Сіздей азамат тәрбиелеп, өсірген ата-анаңызға алғыс білдіремін, – деді Қайрат Ұзақұлы.

Сәулет Торғаев үшін биылғы жыл табысты деп айтуға толық негіз бар. Оның өндірістегі еңбегі бағаланып, жақында ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Еңбекте де, спортта да бағы жанған Сәулет Әбдімәжитұлы «100 Sarbaz» жобасының жастардың бойында партиоттық сезімді қалыптастырудағы рөлі айрықша екенін жеткізді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу44Твитерге28

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Ұжымым – екінші отбасым»

    102 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру