Сәрсенбі, 16 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Дидар

Сәулелі ғұмыр иесі

13.01.2023
- Дидар
0
Сәулелі ғұмыр иесі
134
БӨЛІСТІ
373
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Адам өмірге шыр етіп келгенде бұл жалған дүниеде көрер қызығы мен шыжығын маңдайына жазып береді» деп жататын әңгімені үлкендерден жиі естиміз.  Иә, жарық дүниенің есігін ашқан сәтте пендеге жазылар ғұмырнама аз болсын, көп болсын кейінгі буын айта жүретіндей болуы керек. Міне, осындай қағиданы ұстанған жанның бірі Сәли Егізтаев еді.

Өмірін өндіріспен өрнектеген асыл азаматтың ғұмыр дастанында биік белестер мен асқар асулар қалды. Жезқазған, Қарағанды өңірлерінде кен өндірісін өркендетуге үлес қосқан Сәли Сауғабекұлы 1969 – 1974 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық институтында білім алып, мамандығы бойын шахтақұрылысы тресіне жұмысқа орналасты.

1974 жылы басталған еңбек жолында Сәли Егізтаев 2014 жылы «Нұрқазған» кенішінде  шахта басшысының орынбасары, аттыру, жару жөніндегі инженер, трестің бас инженері,  №31,32,55 шахталардың бас инженері сынды жауапты міндеттерді атқарды. 2005 жылы Қарағанды облысы бойынша өндірістегі төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы қызметін жүйелі жүргізе білді. Сәли Сауғабекұлының зейнет жасына дейінгі өндірістегі қызметі «Нұрқазған» кенішінде өрбіді. 2007 жылы күрделі тау-кен теліміне басшылық жасаса, 2014 жылға дейін кеніштегі өндірістік бөлімді басқарды.

Сондай-ақ оқыңыз

Біздің Балтекең

Біздің Балтекең

02.11.2023
Біз – ханын қадірлеген, биін ұлықтаған ұрпақпыз

Біз – ханын қадірлеген, биін ұлықтаған ұрпақпыз

10.02.2023

Өнегелі өмір жолын қалыптастырған Сәли Сауғабекұлы өндірістің майталманы ретінде талай жасты қанатының астына алып, кәсібіне машықтандырды. Қандай қызметте болса да Сәли Егізтаев адамгершілік пен өз ісіне деген жауапкершілікті естен шығарған емес. Тағдырдың бұралаң жолында өзінің ізін қалдырған Сәли Сауғабекұлының алып жүрегі қырық күн бұрын мәңгілікке соғуын тоқтатты. Зейнет жасына «Нұрқазған» кенішінен шыққан ол бар ғұмырын өндіріске арнай білді. Асыл азаматтың ақыл-кеңесі әріптестеріне үлкен мектептің негізі болды. Сәли Егізтаевты нұрқазғандық әріптестері ақылшы аға, іскер азамат ретінде құрмет тұтады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу54Твитерге34
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру