Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Сән-салтанатпен қарсы алды

05.09.2025
- Жаңалықтар
0
Сән-салтанатпен қарсы алды
73
БӨЛІСТІ
202
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясының Қарағанды өндірістік аймағындағы «Нұрқазған» кеніші Кенші мен байытушы күніне толайым табыспен жетті. Кеніш директоры мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Бұл марапат Мұқан жалғасұлының тау-кен саласындағы еңбегіне берілген оң баға. Осы қуаныштың легін кеніш озаттары жалғады.

Кеніштегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Аранғазиновтың
ұйымдастыруымен еңбек озаттарына арналған ұлықтау жиыны өтті. Оған Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайынов, «КәсіпҚорған» кәсіподағы қарағанды филиалының төрағасы Мадияр Қалиев қатысты.

Аудан басшысы «Нұрқазған» кеншілерінің еңбектегі жетістіктеріне ризашылығын білдіре келіп, кеніш директоры Мұқан Жалғасұлын мемлекеттік наградасымен құттықтады. Кәсіподақ ұйымының ұсынысымен мерекеде үңгілеу учаскесінің үңгілеушілер бригадирі Нұржан Аяшов пен дизельдік учаскенің тиеу-жеткізу машинисі Қанат Мырзабаев І дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін омырауларына тақты. Осылайша, «Нұрқазған» кенішінен қос бірдей «Кенші даңқы» төсбелгісінің толық иегерлері шықты. ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі кен өндіру учаскесінің бұрғылаушысы Жасұлан Кәдікешке табысталды.

Мұнан бөлек, озаттарға «Қазақмыс» Холдинг» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының Құрмет грамоталары, «КәсіпҚорған» кәсіподағының «Еңбек озаты» төсбелгілері тапсырылды.

Мерекелік шара аясында «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті ұйымдастырған спорттық жарыстың жеңімпаздары да марапатталды. Комитет төрағасы Айбын Арынғазинов ұжым арасында мерекеден 10 күн бұрын спорттық шараларды бастап кеткен болатын. Қол күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру, қазақша күрес, шағын футбол сынды ойындардан өткен жарыстың үздіктеріне ұйым атынан құрмет көрсетілді.

Қорыта айтқанда, нұрқазғандық кеншілер төл мерекелерін сән-салтанатпен қарсы алды.

 

Бөлісу29Твитерге18

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру