Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Салаға серпін берер жас мамандар

17.02.2023
- Бағдар
0
Салаға серпін берер жас мамандар
77
БӨЛІСТІ
213
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Тарихы өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастау алатын аймақтағы шахталардағы жер асты ауыр техникаларына қажетті бөлшектер дайындайтын тау-кен, шахта зауыты бүгінде «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС құрамындағы ірі кәсіпорын.

Осы жылдар ішінде зауыт қаншама қиындықтардан өтті. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау, одан кейінгі әлемдік дағдарыстағы қайта құру сынды үдерістер кәсіпорынның болашағына кедергі жасай алмады.  Зауыттың өніміне деген сұраныс пен еңбек ұжымындағы білікті кадрлардың арқасында бұл қиындықтар енді артта қалды.  Мұнда бірнеше цех жұмыс жасайды. Негізгісі механикалық және ұста,  дәнекерлеу цехтары.  Механикалық цехта өндірістік бағыттағы техникаларға түрлі бөлшектер әзірленеді. Көлемі ауқымды цехтағы станоктардың бір сәтке тыным тапқан кезі болған емес.

Цехтағы білікті кадрлардың алды алпыстан асып қалса,  кейінгі толқынның да жас шамасы 45-50 жаста.  Өз кәсібінің қыр-сырын меңгерген олардың ісін жас мамандар жалғастыруы шарт. Сондықтан зауыт директоры Алмас Айранбаев «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС басшылығымен келісе отырып, «Қазақмыс» Холдинг» ЖШС басшылығының шешімімен механикалық  цехқа темір жонушы жас мамандарды тартуды қолға алды.

Бұл бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті жерлердегі оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмасы негізінде жүзеге асты. Аталмыш жоба негізінде Жезқазған қаласындағы  тау-кен, металлургиялық колледжі мен Сәтбаев қаласындағы технологиялық колледжінің түлектері жұмысқа қабылданып жатыр. Алды жұмысқа да орналасып үлгеріпті.

Апта басында біз осы қуанышты жаңалықты бөлісу үшін зауытқа арнайы ат басын тіредік.  Өндіріс ошағының директоры Алмас Мағауияұлы Айранбаевпен сұхбатымызда белгілі болғандай зауытқа 16 темір жонушы жас маман жұмысқа қабылдануда.

– Біздің тау-кен, шахта жабдықтары зауытында жергілікті оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың іскерлік қабілетін дамыту бастамасы тұңғыш рет жүзеге асып отыр.  Өздеріңіз білетіндей зауыт шахталардағы ауыр техникаларға қажетті бөлшектер дайындайды.  Осы тұста механикалық цехтың атқаратын жұмысы ауқымды.

Жұмыс көлемінің ұлғаюы мен сапалы өнімге деген сұраныстың артуына байланысты «Қазақмыс Мэйтенанс Сервисиз» ЖШС Бас директоры Александр  Федоровтың шешімімен механикалық цехқа жас маман тартуды ұйғардық. Жоба басталған сәттен бастап Жезқазған қаласындағы тау-кен, металлургиялық және Сәтбаев қаласындағы технологиялық колледждерден отызға таяу түлектен түйіндеме келіп түсті. Арнайы сарапшылар комиссиясы құрылды. Мамандық бойынша тест тапсырып, сынақтан өткендер іріктелді. Бір айта кетерлігі, жастардың өндіріске деген қызығушылығы қуантты. Осы жас мамандар легінде Астана қаласынан жұмыс істеуге келген Альберт Якупов деген  жас маманымыз бар. Бұл жастарға өз саласында тәжірибесі мол тәлімгерлер бекітіліп берілді.  Зауыт тарапынан туындаған осындай ұсынысқа қолдау білдірген «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС Бас директоры Александр Федоровқа, «Қазақмыс» Холдинг» ЖШС басшылығына алғыс айтамын, – деді Алмас Айранбаев.

Салаға серпін беретін жас мамандардың алды екі аптадан асыпты қалыпты жұмысқа кірісіп, өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруда. Олардың еңбек жолының бастамасына орай шағын жиын өтіп, зауыт басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы ұйымының төрағасы сәттілік тіледі.

Цехтағы станок басында біз  қос тәжірибелі тәлімгер  Ерболат Ақдәулетов пен  Талғат Смайловты кезіктірдік. Саладағы тәжірибелері 30 жылға таяу майталмандар  Әли Мырзағали мен Расул Мамаюсуп сынды талапкерлеріне кәсіптің қыр-сырын меңгертіп жатыр екен.

Ерболат Ақдәулетов шәкірті Әли Мырзағалимен

Ерболат Ақдәулетовтің шәкірті Расул Мамаюсуп Жезқазған қаласындағы тау-кен, металлургиялық колледжін тәмамдап,  кәсібі бойынша екінші апта еңбек етуде.

– Бұл ұжымға келген екі апта ішінде тәлімгерімнен біршама дүниелерді үйрендім. Ерболат Нұркамалұлы өзінің тәжірибесін үнемі бөлісіп келеді. Іскерлігі мен ұқыптылығы, жауапкершілігі өзіме үлкен мектеп. Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған  «Қазақмыс Холдинг» ЖШС  мен «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС басшылығына алғыс айтамын, – дейді Расул.

Расулдың қарым-қабілетін байқаған Талғат Смайлов шәкірті жайлы былайша ой бөлісті: «Жұмысқа келген алғашқы күннен бастап жұмысқа деген ептілігін аңдадым. Берілген тапсырмаға өте тиянақты әрі жауапкершілікті сезіне біледі.  Темір жонудың да өзінің қыр-сыры бар. Ол үшін ең әуелі сызбаның тілін таба білуі керек. Содна ғана дайындалатын бөлшек көңілдегідей шығады. Расул осыған аса мән береді. Жас маманның бет алысы жаман емес»

Талғат Смайлов жас маман Расул Мамаюсупті кәсіпке баулуда

Халқымыз: «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» демекші, уақыт адымымен ілгері басқан зауыт ұжымы жалындаған жастармен толығуда. Ендігі үміт соларда.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру