Жексенбі, 15 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Саладағы жаңғыру – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

29.04.2022
- Жаңалықтар
0
Саладағы жаңғыру – жаңа мүмкіндіктер кезеңі
80
БӨЛІСТІ
223
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин жұмыс сапарымен Қарағайлы байыту фабрикасына барды.

Құрамында корпорация басшылығыжәне «Қарағандытүстіметалл» ӨБ өкілдеріненқұралған комиссия өндірістік цехтарда болып, кен қоймалары бар алаңдарды, жер үсті нысандары: қалдық қоймасын және буландырғыш тоғанды аралап көрді.

Мырыш концентратының сапасын арттыра отырып, Абыз кен орнының мыс-мырыш кенін қайта өңдеу бойынша фабрикада алда болатын технологиялық сынақтарды дайындау және іске асыру кезеңдері қаралды. Комиссия кенді қайта өңдеудің мырыш-пирит және мырыш циклдеріндегі жабдықтың техникалық жай-күйіне аудит және бағалау жүргізу, үш тауарлық концентраты алу арқылы технологиялық жүйе бойынша флотациялық қайта бөлуді толық сынамалау туралы шешім қабылдады.

Осы жылдың мамыр айында «Новомэк Инжиниринг» және «Қазгидромедь» компаниялары мамандарының консультациялық және техникалық сүйемелдеуімен Абыз кен орнының мыс-мырыш кенін қайта өңдеуді өнеркәсіптік сынақтан өткізу жұмыстары басталады. Сынақтардан кейін мамандар байытудың жаңа технологиялық жүйесін анықтау және өндіріске енгізу мақсатында ұсынымдар мен техникалық-экономикалық есептерді қамтитын есепті дайындайды.

Өңдеу және байыту технологиялық процесінің сапасын жақсартуда ұнтақтау және флотациялау бөлімдеріне түсетін судың сапасы, сондай-ақ сүзу және шаю процестеріндегі айналымдағы судың сапасы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, басшылық таза суды тұтынуды Орта Талды су жинағышынан тәулігіне талап етілетін 5400 куб метрге дейін арттыру жөнінде шешім қабылдады. Тиісті қызметтерге рұқсат құжаттарын ресімдеу және құбырларды жаңарту бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыз

Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары мен компанияның техникалық директорының Қарағайлы өндірістік алаңын аралау нәтижесі бойынша байыту жұмысын жақсарту бағытында фабрика басшылығы мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің алдына қойылған өндірістік міндеттерді іске асыру жоспарлары мен іс-шаралары белгіленді.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру