Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Сәкен есімінен айнығандары қалай?

08.12.2023
- Мұқаба
0
Сәкен есімінен айнығандары қалай?

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

96
БӨЛІСТІ
266
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Жезқазған қаласындағы С. Сейфуллин атындағы кітапхана қазір дауылпаз ақын атымен аталмайды» деген хабарды естігенде сенер-сенбесімізді білмедік. Бұл сөздің анық-қанығын білмек болып келгенімізде, білім қазынасы орталығының өткен жылдан бері Сәкен атында емес, «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ деп аталатындығын естіп тіптен таң-тамаша болдық. Отыз жылға жуық С. Сейфуллин атында болып келген кітапхананың облыс құрылған тұста Сәкен есімінен айрылып қалғаны қалай? Мекеме басшылығы мен ұжым мүшелерінен осы жағдайдың себепсалдарларын сұрастырып, мәселенің мәнісіне тереңірек үңіле түсуді жөн көрдік.

Кітапхананың әрідегі тарихын таразылар болсақ, қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 1973 жылғы 23 сәуірдегі № 228 қаулысымен құрылған облыстық әмбебап кітапханасы штат кестесіндегі 11 қызметкерімен сол жылдың 1 тамызында оқырмандарға есігін ашқан болатын. Сол жылы жаңа облыстың шаңырақ көтеруіне орай Жезқазғанда мәдени-рухани өмірдің жандануына айрықша көңіл бөліне бастаған тұс еді ол. Кейін кітапхана жүйесі өсіп, дамыды. Тоқсаныншы жылдың басында кітапхана штаты 47 адамға ұлғайып, облыстағы 295 кітапханаға әдістемелік көмек көрсететін болды. 1994 жылы Жезқазған облыстық атқару комитетінің қаулысымен ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойы аясында облыстық кітапханаға оның есімі берілді. Қалың жұртшылық бұл жаңалықты зор ризашылықпен қарсы алды.

Сәкен тұлғасы халқымыздың жүрегінде тек ел басқарған көсем, топ бастаған шешен ретінде ғана емес, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ақын-жазушы, композитор, халық ауыз әдебиеті мен өнерінің жоқтаушысы ретінде сақталған. Ол 1922 жылы 28 жасында Совнарком төрағасы болғанда халыққа жаппай білім беру және мәдениет пен өнерді көтеру мәселелеріне ерекше мән беріп, осы салаларға қаржы бөлгізіп қадағалап отырды. 1923 жылы Орынборда «Қызыл керуен» мемлекеттік қазақ баспасын, Ташкентте «Шығыс баспасы» филиалын аштырып, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың еңбектері мен туындылары осы баспадан бірінші рет басылып шыққан болатын. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, «қырғыз» аталып жүрген елімізге қазақ атауын қайтару және басқа да ұлт мүддесіне қатысты еңбектерін көпшілік қауым білуге тиіс.

Көрнекті қайраткер тұлғасы қашанда халқының жүрегінде. Сондықтан да, Жезқазғандағы кең жүйелі, орталықтандырылған кітапханананың Сәкен есімі-
мен аталып келе жатқанын көзіқарақты жұртшылық заңды құбылыс ретінде бағалайтын. Жезқазған облысы таратылып, Қарағандыға қосылған кезде қалалық әмбебап кітапхана болып қайта құрылғанда да руханият ошағы айтулы тұлға есімінен айрылған жоқ.

Бұдан кейін де кітапхана жүйесінде талай өзгерістер болды. С. Сейфуллин есімін иеленген кітапхананың алдына 2010 жылы ақынның ескерткішін әкеліп қою да бір жарастықты іс болған еді. 2011 жылы ақынның ұрпақтары арнайы келіп, С. Сейфуллинге арналған «Тұғыры биік тұлға» атты кітаптың 6 данасын кітапханаға сыйға тартты. Соңғы қайта ұйымдастыру 2022 жылдың 4 қаңтарында болыпты. Сол жолы Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы болып құрылғанда тұлға есімі құжатқа енбей қалған. Бұл – осы саладағылардың немқұрайдылығы ма, жауапсыздығы ма? Әйтпесе, ел жүрегіне берік ұялаған ақын есімінің Ұлытау облысы құрылғанда кітапхананың тиісті құжаттарынан жоқ болып кетуін қалай түсінуге болады? Облыстық мәдениет басқармасы, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бұл ойсыраған олқылыққа айрықша мән беріп, оң шешім қабылдануына ұйтқы болғанын қалар едік. Кітапхана тарихы туралы деректерді алдымызға тартқан «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ басшысы Ерлан Нұрмағанбетов қазірде облыстық кітапханаға қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің есімін қайта беру үшін ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияға ұсынатын құжаттарды жинақтап жатқанын жеткізді. Бұл істің ақыры алда қалай болатындығын көрерміз. Түйіндеп айтар болсақ, Сәкендей айтулы тұлғаның есімі қашанда тұғырынан түспеуге тиіс.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру