Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтың астары

Саябақ таз қалпына түспесін десек…

14.10.2022
- Жаңалықтың астары
0
Саябақ таз қалпына түспесін десек…
111
БӨЛІСТІ
309
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Көзі қарақты оқырман газетіміздің өткен санында «Адалеңбектіктердің еңбегі еш кетпесін» деген мақаламызды зер сала оқыды деп ойлаймыз.  Осы мақалада «Қазақмыс» компаниясы басшылығының қолдауымен құрылған «Адал Еңбек» ЖШС кәсіпорнының Жезқазған, Сәтбаев қалаларында көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына атсалысып, билғы жылы Сәтбаев қаласындағы бірнеше нысанға талдар екті. Сондай нысанның бірі – «Жеңіс» саябағы.

Бұл саябақ өтке жылы күрделі жөндеуден соң қайта игілікке берілді. Ал, мұнда отырғызылған жасыл желектерге жылқы, сиыр жауша тиюде.

Саябақты күзетушілердің «бас» ауруына айналған бұл мәселе шешімін табудың орынына күн сайын ушығып барады.  Мына суреттен көргендеріңіздей жылқы малы емін-еркен жайылып жүр.  Күзетшілердің айтуынша, олар күн сайын жылқыларды саябақтан қуып шаршаған. Егесіз малды қала сыртындағы «Бам» аталып кеткен саяжайдан асыра қуса да дәніккендері соншалық, қайта-қайта орала беретін көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, егесіз мал саябаққа жау болды. Олармен алысып жүрген күзетшілер де әріқарай дәрменсіз күйде. Енді қайтпек керек?

– Біздің міндетіміз жұрттың малын қуу емес. Қоғамдық орында ұрлық-қарлық болмауын, түрлі қылмыстарды алды алу екендігін жұртшылық түсінсе дейміз.  Мына қараусыз жылқылардың иесін тауып, айыппұл төлейтін мезгіл жетті. Сәтбаев қаласының әкімдігі саябаққа бір бақбан бөліп, мына өсіп келе жатқан жас көшеттерді сақтап қалуымыз керек. Әйтпесе,осы жұмысты атқарған жігіттердің еңбегі зая кетеді. Обал емес пе? Жалпы жылқы малы еркін далада жүретін жануар. Оны қалада ұстап, бағу өте қолайсыз. Уақытылы бақылап, қарамаған соң жылқылардың осы саябақта жан бағып жүргені қынжылтады, – деп жанайқайларын жеткізді саябақ күзетшілері.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Бейнеттеніп өсірген талдардың ендігі тағдыры тікелей Сәтбаев қаласы әкімдігінде екендігін жергілікті билік қаперінде ұстап, полиция басқармасымен бірлесіп, шара қолдануы керек. Әйтпесе, саябақтағы көшеттерден дым қалмайтын түрі бар. Малды баққан соң оны бақылап, қадағалау иесінің міндеті екенін ұмытпайық, ағайын!

Осы мақаланы дайындау барысында, күзетшілер мен қала белсенділерінен саябаққа жаз мезгілінде көпшілік иттерін де серуендететін айтып шағымданды.  Саябақтың бұрыш-бұрышында «Итпен серуендеуге тыйым салынады!» деген тақтайша ілнгенмен оны елеп жатқандар аз көрінеді. Саябақ жан-жануарлар жайылып, ит, мысықпен серуендейтін жер емес, көпшілік отбасымен қыдырыс жасап, демалатын орын екенін көпшілік ұғынса дейміз. Әркім өз білгенін жасар болса, былтыр ғана жаңарған саябақ бірер жылда қайтадан таз қалпына түспек…

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

«Мысты өңір».

 

 

Бөлісу44Твитерге28
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
Баубек Бұлқышевқа арналды

Баубек Бұлқышевқа арналды

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру