Дүйсенбі, 19 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
- Жаңалықтар
0
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды
71
БӨЛІСТІ
196
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Жезқазған қаласының өңірлік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен мансап орталығының қызметімен танысты, журналистерге брифинг өткізді, сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндірістік нысанында болды.

Министрдің бағдарламасындағы алғашқы нысан Ұлытау облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болды. Мекеме тұрақты күтім мен медициналық көмекке мұқтаж қарттар және мүгедектігі бар азаматтарға көмек көрсетеді. Мұнда стационар жағдайында 200-ден астам адам қызмет алады.

Министр бұл орталықтың лицензиялау рәсімінен сәтті өткенін, бұл арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ)  көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін дәлелдейтінін атап өтті.

«Лицензиялаудың басты мақсаты – ұсынылатын АӘҚ сапасын арттыру, қызмет алушылардың құқықтарының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету және осы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеу. Лицензиялау мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын тиімді әлеуметтік оңалту үшін негіз болады, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025

Осыдан кейін Еңбек министрлігінің басшысы Жезқазған қаласының мансап орталығына барып, өңірдегі жұмыспен қамту саласындағы ағымдағы ахуал туралы ақпарат алды. 2025 жылдың басынан бері облыстың мансап орталықтарына 4 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде 3 мыңнан астамы жұмыссыз ретінде тіркелді. Тұрақты жұмысқа 929 адам, ал субсидияланатын жұмыс орындарына 1 425 адам жұмысқа орналастырылды. Министр жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына, әсіресе жастар мен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына жататын адамдарды тарту қажеттігін атап өтті.

Светлана Жақыпова мансап орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Журналистерге жұмыс сапарының мақсаты, Еңбек министрлігі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша сұрақтарға жауап берді.

Бұдан әрі министр «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Шығыс Сарыоба» ашық карьеріне барды. Кәсіпорын Жыланды кен орнында мыс кенін өндіруді жүзеге асырады. Жұмыскерлердің жалпы саны 350 адамды құрайды, орташа жалақы шамамен 600 мың теңге. Еңбек ұжымымен кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Светлана Жақыпова өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Біз ресми бақылаудан тәуекелдерді ақылды басқаруға, жоспарлар мен есептерден адамдарды нақты қорғауға көшеміз. Біз нақты ұйғарымдармен цифрлық деректер негізінде қашықтықтан профилактикалық бақылауды енгіземіз. Нақты жағдайды көру үшін тексерулер туралы алдын-ала ескертулерден бас тартамыз. Біз инспектордың өкілеттіктерін кеңейтеміз – енді ол кез-келген шағымға, тіпті тексеру парағының тізімінен тыс жауап бере алады. Зиянды өндірістердегі еңбек нормаларын күшейтетін боламыз, жұмысшыларды қысқарту қауіпті жұмыс көлемі азайған жағдайда ғана мүмкін болады», – деді министр.

Жұмыс сапарының екінші күні Светлана Жақыпова Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесулер өткізеді, онда өзекті мәселелер талқыланып, олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар беріледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/996684?lang=kk

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру