Дүйсенбі, 19 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
- Жаңалықтар
0
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті
71
БӨЛІСТІ
196
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында регрессші кеншілермен кездесу өткізді. Еңбек министрлігінің басшысы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша ведомство қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады.

Министр соңғы жылдары өндірістік жарақаттану деңгейінің және кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған жұмыскерлер санының төмендеу серпіні бар екенін атап өтті.

Сонымен бірге зиянды еңбек жағдайларында, әсіресе өнеркәсіпте және өндіруші секторда жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі сақталуда. Бұл профилактикаға да, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге де бағытталған кешенді шешімдерді қажет етеді.

«Сондықтан біз бақылау ғана емес, алдын алу, төлемдердегі әділеттілік, өтемақылардың қолжетімділігі және жұмыс берушілерді қауіпсіздікке инвестициялауға ынталандыру маңызды болатын жүйені құрудамыз. Проблемаларды айтып қана қоймай, жағдайды шынымен де өзгерту үшін біз жұмыскерлердің денсаулығы мен құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдерін дәйекті түрде енгізіп отырмыз», – деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025

Осылайша, 2024 жылдан бастап зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген қазақстандықтар үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Бұл төлемдерді 55 жасқа толған және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл ішінде аударған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) бар адамдар алады.

Зиянды жағдайда жұмыс істейтін ерлер мен әйелдер үшін зейнетақы аннуитетінің құны төмендетілді.

«Үшіншіден, зиянды жағдайда жұмыс істеген адамдардың барлығында бірдей МКЗЖ аударымдары үшін қажетті кезеңі бола бермейтінін де көріп-біліп  отырмыз. Қазір осындай жұмыскерлерден көптеген өтініштер келіп түсуде және Біз Қаржы министрлігімен бірлесіп әлеуметтік төлем алушылар тобын кеңейту және бұл адамдарды қолдаусыз қалдырмау тетігін пысықтаудамыз», – деп толықтырды министр.

Өндірісте зардап шеккендерді қорғау күшейтілді. 2024 жылдан бастап сақтандыру төлемдерін тағайындау кезінде жұмыскердің кінәсін есепке алу алып тасталды. Өмірді сақтандыру компаниялары 2015 жылдың мамырына дейін кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылғандарға өмір бойы сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті болады, бұл шамамен 1400 адамды құрады.

«Біз сақтандыру компанияларының сақтандыру сыйлықақысының 12% – на дейін оңалту мен профилактикаға жіберу міндеттемесін енгіздік. Сондай-ақ, зардап шеккендер базалық төлемдерден тыс 100 АЕК мөлшерінде сақтандыру есебінен санаторийлік-курорттық емделуге құқылы.

Бірақ біз мұнымен де шектелмейміз. Қазір Мәжіліс депутаттарымен бірге еңбек ету қабілетінен айрылу күніне қарамастан барлық зардап шеккендерге өмір бойы төлем жасау құқығын қалай кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», – деді Светлана Жақыпова.

Жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзгерістер дайындалуда. Екі компонентті сақтандыру тарифін енгізу жоспарлануда, онда қызмет саласы ғана емес, кәсіпорындағы нақты еңбек жағдайлары да ескерілетін болады. Бұдан басқа барлық деректерді Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен біріктіре отырып, жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін ресімдеуден бастап төлемге дейін толық цифрландыру көзделеді.

Барлық қолданыстағы ұжымдық шарттарды цифрландыру аяқталды және электрондық ұжымдық шарттар жасасуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе іске қосылды.

«Еңбек тәуекелдерінің картасы» ақпараттық жүйесі енгізілді, ол қызметкерлерге тиісті еңбек жағдайлары мен жалақы төлеуді қамтамасыз ету мониторингін жүргізуге, ықтимал еңбек жанжалдарына уақтылы ден қоюға және оларды болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында министр регрессші кеншілердің барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/996198?lang=kk

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру