Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Республикалық олимпиада мәреге жетті

08.11.2024
- Шарайна
0
Республикалық олимпиада мәреге жетті
113
БӨЛІСТІ
315
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Химия пәнінен өткен Қ. Сәтбаев атындағы Республикалық олимпиада мәреге жетті.  Білім додасына еліміздің барлық мектептерінен 78 оқушы қатысқан болатын.

Қ. Сәтбаев атындағы Республикалық олимпиада әдеттегідей  Қаныш есімін иеленген № 7 лицейде өтті. Қазылар алқасына жетекшілік жасаған  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Құрманғали Бекішев  жылдан жылға оқушылардың химияға деген қызығушылығы артып келе жатқанын айтты.

Олимпиада бағдарламасы бес күнді және жас химиктердің арасынан ең мықтыны анықтау мақсатындағы теориялық және практикалық турларды қамтыды. Мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету. Мақсат орындалды.

Жезқазған қаласында осымен екінші мәрте өтіп отырған олимпиадада жас химиктер жақсы нәтиже көрсетті.

«Қазақмыстың» қолдауымен өткен білім бәйгесінде мықтыларды анықтау қазылар үшін оңайға соқпағаны анық.  Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарына және бағалы сыйлықтарға ие болды.  Ал, «Қазақмыс» корпорациясы гран-при алған жас  химикті жекедара марапаттады. Ең жоғары нәтиже көрсеткен командаға сертификат және арнайы кубок табыс етілді.  Сондай-ақ, үздіктердің үздігі Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Павлодар мемлекеттік университетінде оқу гранттарына ие болды.

Олимпиадаға қатысумен қатар, оқушылар Қазақстан ғылымы мен мәдениеті мұрасынан сусындап, көрнекті ғалымдар мен инженерлердің жұмысымен танысты.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу45Твитерге28

Көп қаралған

  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру