Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Қызылорда жолын жаңғырту

3-тоқсанда басталады

17.05.2024
- Бағдар
0
Қызылорда жолын жаңғырту
69
БӨЛІСТІ
191
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Парламент Мәжілісінің депутаттары Үкіметке Қызылорда жолын жаңғыртумен дұрыстап айналысу жөнінде талап қойған болатын. Осыған орай еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов республикалық мәні бар екі жолды қайта жаңғырту бойынша белгіленген жоспарлары туралы мәлімдеді.

«Қызылорда – Жезқазған автомобиль жолының учаскелерін қайта жаңғырту құрылысын жүргізу үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мердігерлерді анықтау бойынша екі рет конкурс өткізді. Бірінші рет 2022 жылдың 13 сәуірінде, одан кейін 2023 жылғы 17 мамырда. Сонымен қоса, әлеуетті жеткізушінің мәлім еткен ұсыныс бағалары жобаның бекітілген бюджетінен 38-ден 105 процентке дейін артық болып шыққан. Осыған байланысты жобаның сметалық құнына қайта есептеу жүргізілді. Енді «Госэкспертиза» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының оң қолдауын алған соң жобаның сметалық бөлігіне (2024 жылдың мамыр айының аяғына дейін) техникалық-экономикалық негіздеуге түзетулер енгізіледі. Осы сараптамалардың қорытындысын, Республикалық бюджеттік комиссияның шешімін негізге ала отырып жобаны қаржыландыру үшін несие келісіміне қол қоюға және оған мемлекет тарапынан кепілдік беру туралы Үкімет қаулы қабылдады. Сонымен жолдың құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың 3-тоқсанында бастау жоспарланып отыр», депті премьер депутаттардың сауалына берген жауабында.

Азия даму банкінің келісімімен мердігерлерді анықтау процедураларын жеделдету мақсатында жолдың құрылыс жобасы 8 лотқа бөлінген. Бүгінде 14 тендерлік ұсыныс алынып, оларға бағалау жүргізілді. Енді заемшымен несиелік келісімге қол қойғанға дейін, осы мамыр айының аяғында мердігер ұйымдар анықталып, лоттар бойынша контрактілер жасалады.

Премьер-министр Қарағанды – Жезқазған жолын жаңғырту бойынша Халықаралық қайта құру және даму банкінен займ тарту көзделіп отырғанын айтады. Қазір тиісті қорытынды алу үшін құрылыс жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі «Госэкспертиза» РМК-ның бекітуіне беріліпті. Одан әрі несиелік келісімге қол қою үшін заңда белгіленген тиісті рәсімдер жүргізілетін болады. Биылғы жылдың аяғына дейін несиелік келісімге қол қойылып, мердігер ұйымдармен контракт жасалады деп жопарлануда. Үкімет басшысының мәлімдеуінше, Қарғанды – Жезқазған жолының құрылыс жұмыстары 2025 жылдан басталып, кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз

Төлеген БҮКІРОВ,  Ұлттық құрылтайдың мүшесі:  «Ұлы  даланың ұлық жиыны –  қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

Төлеген БҮКІРОВ, Ұлттық құрылтайдың мүшесі: «Ұлы даланың ұлық жиыны – қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

14.02.2025
Аймақ дамуының айқын бағыттары

Аймақ дамуының айқын бағыттары

10.01.2025

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу28Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
Баубек Бұлқышевқа арналды

Баубек Бұлқышевқа арналды

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру