Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Құрбан айт – мейiрiм мен мұсылмандықтың мерекесi

06.06.2025
- Жаңалықтар
0
Құрбан айт – мейiрiм мен мұсылмандықтың мерекесi

Бейбіт ЖАНСАРИН, Ұлытау облысының бас имамы.

68
БӨЛІСТІ
188
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қасиетті Құрбан айт – ислам әлемінің ең ұлық мерекелерінің бірі. Бұл күн – Алла Тағаланың разылығы үшін құрбан шалу арқылы тақуалықты арттырып, қоғамдағы бауырмалдық пен қайырымдылықты ұлықтар мейрам.

Құрбан айт Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар мен ұлы Исмайылдың (ғ.с.) оқиғасымен тығыз байланысты. Бұл – Алланың бұйрығына толықтай бойсұну мен иманның биік үлгісі. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар Алланың әмірін бұлжытпай орындауға ниет білдіріп, ұлын құрбан етуге дайын болды. Сол кезде Алла Тағала оған аспаннан қошқар жіберіп, үлкен сынақтан өткенін мәлімдеді. Осы оқиғаның ізімен мұсылмандар Құрбан айтта мал шалып, Жаратушыға жақындай түседі.

Құрбан айт – тек мал шалу ғана емес. Бұл – жүрек тазалығы, ықылас пен ниеттің шынайылығы, мұқтажды бөлісу, көрші-қолаңды, ағайын-туысты еске алу сәті. Бұл күндері айт намазына жиналған жамағат бір-бірімен амандасып, жақсы тілектер айтып, араздасқандар татуласады. Қоғамдағы бірлік пен бауырмашылдық осы күндері ерекше сезіледі.

Құрбандыққа шалынатын мал – діннің ұлық бұйрығы. Бірақ Аллаға малдың еті де, қаны да емес, пенденің жүрегіндегі тақуалығы мен шүкірлігі жетеді. Бұл туралы Құранда: «Олардың еттері де, қандары да Аллаға бармайды. Бірақ Аллаға сендердің тақуалықтарың ғана жетеді…» (Құран, Хаж сүресі, 37-аят)

Бүгінде еліміздің әр өңірінде Құрбан айт кең көлемде аталып өтеді. Мешіттерде айт намаздары оқылып, мұқтаж жандарға құрбандық еті тараты-
лып, игі істер атқарылады. Құрбан айт – татулықтың, діни бірегейліктің, рухани кемелдіктің белгісі.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

Ендеше, бұл қасиетті күндерде тек құрбан шалу емес, өзімізді де рухани тұрғыда тәрбиелеп, иманымызды күшейтіп, бауырларымызға мейіріммен қарауға тырысайық. Құрбан айт – әр мұсылманның жүрегіне қуаныш, отбасына береке, қоғамға бірлік алып келсін!

Құрбан айт құтты болсын!

Бейбіт Жансарин,
Ұлытау облысының бас имамы.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру