«Қазақмыс» корпорациясы түрлі құрылымдарында еңбек ететін еңбеккерлер арасында өндірістік үдерісті дамыту, қауіпсіздікті барынша күшейтуге бағытталған «Біздің құндылықтарымыз әрекетте» атты челленджін бастады.
Оның негізгі мақсаты – өзіндік ерекше идеясы бар еңбеккерді анықтап, ынталандыру. Бұл челлендж екі кезеңнен тұрады. Қыркүйектің алтысында бастауын алған құндылықтар әрекетінің бірінші сатысы «Еңбеккерлерге қамқорлық және қауіпсіздік» атауымен өтеді. Онда жұмыс орнын қауіпсіздендіру бойынша атқарылған шаруалар көрініс табуы тиіс.
Ал, екінші – «Нәтижеге бағытталған жұмыс» кезеңінде енгізілген өзгерістер мен оның нәтижесі сарапқа салынады. Челленджде қауіпсіздік, ұйымшылдық, кәсібилік, жаңашылдық пен нәтижелі өзгерістердің болуы қаперге алынады. Челлендж 12 қазанға дейін жалғасады. Жеңімпаздар «Қазақмыс» күнінде марапатталады.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.