Тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы мүшеліктегі азаматтарға ұсынылатын қызмет түрлерін заманауи технологиялар арқылы алудың мүмкіндіктерін қалыптастыруда.
Ұйым осыған дейін бірнеше қызмет түрін қамтитын мобильді қосымшаны іске қосқан болатын. Енді еңбеккерлер өздерінің жұмыс орындарында «КәсіпҚорған» кәсіподағы ұсынған кез-келген қызметті QR-код арқылы ала алады.
Бүгінгі күні электронды жүйенің арқасында «КәсіпҚорған» кәсіподағының мүшелеріне жаттығу залдарына, салондарға, дәріханалар мен емханаларға, шипажайлар мен демалыс орындарына жеңілдікпен баруға жол ашылды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.