Жуырда, Сенат депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай Ұлытау облысына арнайы іссапармен келіп, бірқатар нысандарды аралады.
Халық қалаулылары облыстық әкімдікте облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, Қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесті. Отырыс барысында Ұлытау облысында шешімін таппай келе жатқан түйіткілді мәселелердің бірқатары көтерілді. Мысалы, облыстағы тозығы жеткен жылыту қазандықтарының мәселесі, мал шаруашылығы саласындағы жер мәселесі, ауызсу сапасы бойынша мәселелер әлі де болса күн тәртібінен түспей келеді.
Серік Жаманқұлұлы жуырда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында осы мәселелер көтерілгенін тілге тиек етті. Сессия барысында екі палата 179 заң жобасын қарады. Оның 102-сі қабылданған.
Халық қалаулылары жиыннан кейінбірқатар нысанда болды. Олар қысқа дайындық деңгейін бақылау мақсатында Жезқазған, Сәтбаев қаласындағы жылумен, сумен жабдықтау мекемесінде болып, «Үйтас-Айдос», Есқұла су құбырларының құрылысымен танысып қайтты.
Ай Нури.