«Қазақмыс» корпорациясының құрылымдарында еңбек ете жүріп, спортты серік еткен азаматтардың бірі Арұлан Құрманалиев әлем чемпионаттарында топ жаруда.
Ол Шығыс Жезқазған кенішіне қарасты «Анненск» шахтасының конвейер телімінде электрслесарь болып еңбек етіп жүр. Грэпплингпен шұғылданатын ол жақында Астанада өткен дүбірлі додада жеңіс тұғырынан көрінді. 30 елден 1800 спортшы қатысқан әлем чемпионатында Арұлан қола жүлдеге қол жеткізді. Ол бұл бәсекеде 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бағын сынады. Арұланды дүбірлі додаға баптап жүрген Рустам Сефербек пен Нұрсұлтан Садуовтың әлемнің үш дүркін қола жүлдегерінен күтер үміттері зор.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.