Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Қол күресі мықтыларды анықтады

01.12.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Қол күресі мықтыларды анықтады
105
БӨЛІСТІ
291
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалы мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы ұйымдастырған дәстүрлі спартакиада аясында қол күресі бойынша жарыс өтіп, жеңімпаздары анықталды. Жарыс екі санатта өтті. 38 әуесқой спортшы 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күш сынасты.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің өңірдегі өндірістік құрылымдарының еңбеккерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, олардың арасынан спортқа бейімдерін ынталандыру мақсатында қолға алынға спартакиаданың еңбеккерлер үшін орны ерекше. Спорттың қай түрінен жарыс ұйымдастырылса да олар белсенді түрде қатысады. Қол күресінен де түрлі құрылым өкілдері қалыс қалмай, бақтарын сынады.

Жарыс нәтижесінде 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Жезқазған мыс қорыту зауытынан Ерасыл Әмірғали жеңіп алса, екінші орынды электр жабдығына сервистік қызмет көрсету жөніндегі энергетика басқармасынан Бағдат Ордашбаев еншіледі. Үшінші орынның жүлдесі Шығыс Жезқазған кенішінің намысын қор-
ғаған Ғалым Қожабергенге бұйырды. Сексен келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінен Мирас Қошабаев жеңімпаз атанса,  мыс қорыту зауытынан Ерасыл Әмірғали екінші орынның тұғырынан көрінді. «Жыланды» кенішінің намысын қорғаған Дмитрий Ковальчук үшінші орынды місе тұтты.

– «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалы мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы ұйымдастыратын жарыстарға үнемі қатысып тұрамын. Бұл еңбеккерлер үшін мол мүмкіндік. Өздерінің шеберліктерін танытып қана қоймай, спорт саласы бойынша орта қалыптастыруға, әріптестердің бір-бірімен танысуына ықпал етеді. Осы жарыста екі салмақ дәрежесінде күш сынастым. Бағым мен бабым қатар шауып, жүлделі болдым.

Алдағы уақытта да қос ұйымның ұйытқы болған шараларынан қалмай қатыса беремін. Ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді екі бірдей салмақта бақ сынап, жеңімпаз атанған Ерасыл Әмірғали.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу42Твитерге26

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру