Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мереке айшықтары

Қоян жылы қандай жыл?

17.03.2023
- Мереке айшықтары
0
Қоян жылы қандай жыл?
77
БӨЛІСТІ
214
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Барыс жылы тарих қойнауына кетіп, қоян жылы келді. Ел көңілінде қоян жылы бізге қандай жақсылық, өзгерістер әкеледі екен деген сауал да жоқемес.

 Мамандардың айтуынша, қоян – өте бейбіт жануар. Олар сүйіспеншілікті, қамқорлықты жақсы көреді. Күйзеліске шыдамайды және өзіне түсініксіз дүниелерден қорқады. Сондай-ақ, олар өте жиі балалайды. Сондықтан, бұл жыл отбасын құруға, сәбилі болуға оңтайлы. Қоян жылына қатысты халық арасында әртүрлі сенім бар. Олардың бірінде қоян жылы жайлы, жақсы жыл болады делінсе, енді бірінде қиындығы мол, ауыр жыл болады деген болжам айтылады. Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі болатынын ескеру керек.

Қоян – жыл санаудағы төртінші жыл. Шығыс жылнамасына қатысты деректерге сүйенсек, қоян жылының өзі ақ қоян, ор қоян, қара қоян, көк қоян, көкше қоян, сары қоян, қызылкөз қоян, қоңыр қоян, сұр қоян, сұрша қоян, бурыл қоян, бөрте қоян болып 12-ге бөлінеді екен. Келетін қоян жылының нақты қандай қоян жылы екенін жылнамашылар алдын ала болжап бiлiп отырған. Қытай күнтізбесі бойынша биыл Қара қоян жылы кіреді. Жалпы, қарақоян өте сирек кездеседi, жүнi көкшiл қара болып келедi. Қара қоян жылы жақындағанда өзен бойы, сулы жерлерде қара қоян көбейiп, ал тауда, керісінше жай қоян азаятын көрінеді. Сонымен қатар қысы қарсыз, қара суықты болып, тұмау көбiрек болады. Жазда малдың сүті азаяды, қара түстi малдың етiнiң дәрiлiк қуаты күшейедi деген де пайымдар бар.Қара қоян жылы туған ер баланың мiнезi қатты, қыз бала берекелi, пейiлiкең келедi дейді.

Жалпы, қоян жылының барлығына ортақ сипаты – малға жайлы, адамға жайсыздау болады деген де сенім бар. Ал, шығыс елдері таным-түсінігінде қоян адамға сәттілік алып келеді. Сондықтан бастаған іс берекелі болады деп топшылайды. Нумеролог Құралай Бақытқызы бұл жыл туралы былайша болжам жасапты:

Сондай-ақ оқыңыз

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

28.03.2025
Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

28.03.2025

– Жеті – тұрақсыз сан болғандықтан, ел экономикасында тұрақсыздық жиі болады. Әсіресе, жылдың алғашқы жарты жылдығында. Азық-түлік қымбаттайды, көктемде кейбір өңірлерде жылдағыдай су тасқыны болады. Осыған байланысты адамдардың бойын күйзеліс, мазасыздық пен уайым билейді. Бірақ, мұндай құбылмалы көңіл-күй уақытша. Хаостың өзі прогреске жол ашады. Адамдар өткеннен ой түйіп, сабақ алады, өз әрекетіне есеп беріп, есейеді. Қордаланғанмәселелердіңтүйінітарқайды. Өткен жылы өрт көп болды және тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі өсті. Ал, 2023-те бұл жағымсыз құбылыстар басылады деп ойлаймын. Дегенмен, авиация саласындағы төтенше жағдайлардан сақтану керек. Ұшақ апаты қайталануы мүмкін. Жазда және күзде жер сілкінісі болжанып отыр. Жағымды жаңалықтар да жоқ емес. Үкімет халыққа зейнетақы бойынша жақсы бағдарламалар ұсынады. Полиция, логистика, тасымалсаласында қызмет ететін жұмысшыларды оң өзгерістер күтіп тұр.

Жалпы, елімізде жаз ортасынан кейін оң өзгерістер басталады. Жылдың 23 саны білімге жол ашатын белгі. Сонымен қатар, 7 саны бұл – инновация. Ғылым мен білім, ІТ технология дамитын жыл. Қазан-қараша наразылық көбейетін ай. Алайда, позитивті көңіл-күйге басымдық беру керек. Көңіл-күй энергияға әсер етеді. Қоян жылының элементі су болғандықтан, адамдар үнемі қимыл-қозғалыста жүруге ұмтылуы қажет, – деп болжам айтыпты нумеролог.

Интернет материалдары бойынша дайындалды.

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру