Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Зерде

Қазақтан шыққан алғашқы инженер-металлург

05.04.2024
- Зерде
0
Қазақтан шыққан алғашқы инженер-металлург
126
БӨЛІСТІ
351
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өткен ғасырдың зар-запыранын көрген ұлтымыздың тарихында қаншама тұлғаның ғұмыры белгісіз болып қалды. Отарлау саясаты ұлт зиялыларына жасаған қысастығы олардың қоғамға жасаған қызметін жоққа шығаруға ұмтылды.

Алайда, бұл ақтаңдақтар егемендік алған тұста қайта «тірілді». Тарих бетінде жаңарып жатқан зиялылардың қатарында қазақ қыздарының да есімі аталып, еңбегі еленуі оларға деген кейінгі ұрпақтың құрметі деп білген жөн. Қазақ даласында жастарды, әсіресе, қыздарды білімге, өнерге, техникаға үндеген аналарымыздың барын тарих енді бізге жеткізуде. Міне, сондай тұлғаның бірі ұлтымыздан шыққан тұңғыш инженер-металлург – Мәдина Бегалиева.

Қоғам және мемлекет қайраткері, қалыңмалға сатылып, қор болған қазақ қыздарының бостандығы үшін күрескен тұлға, қазақ даласындағы қыз-келіншектер құқығын қорғау қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Мәдина Қожбанқызының туғанына биыл 125 жыл толып отыр. Мәдина Қожбанқызы 1899 жылы 19 наурызында Астрахань губерниясына қарасты Бөкей ордасының Қылқанды ауылында дүниеге келген. Әкесі Қожбан Басқұншақ тұз өндіру кәсіпшілігінде жұмыс істеп күнін көрген кедей адам болған. Мәдина Бегалиева әкесінен ерте айырылып, шешесі Әлиманың қамқорлығымен өседі.

Анасы Мәдинаны 1907 жылы Ордадағы қазақ қыздарына арналған екі сыныптық орыс-қазақ мектеп-интернатына (1883 жылы Бөкей хандығында ашылған алғашқы қыздар гимназиясы) оқуға береді. Кейіннен педагогтер даярлайтын курста оқып, ағартушылықпен айналыстады. Әйел теңдігін қорғау, қазақ жастарын оқуға тарту, өнеркәсіппен шұғылдану сынды мәселелерге тікелей араласады.

Сондай-ақ оқыңыз

Сталиннен он мәрте алғыс алған

Сталиннен он мәрте алғыс алған

04.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025

Мәдина Бегалиева Қазақстан қолөнер кооперациясы одағы төрағасының орынбасары қызметіне сайланады. Осы одақта жұмыс істей жүріп, Қазөлкекомының штаттан тыс нұсқаушысы ретінде көптеген тапсырманы атқарады. Осындай жұмыстардың арқасында 1931 жылы маусымда Қазөлкекомы хатшылығының шешімімен Мәскеу қаласындағы партия Орталық Комитетінің жанындағы марксизм-ленинизм­ курсына оқуға жіберіледі. Ол онда барғаннан кейін өзін Ауыр өнеркәсіп халкоматына қарасты Өнеркәсіп академиясының түсті металдар факультетіне оқуға жіберу туралы өтініш жасайды. Мәдина Бегалиеваның өтініші қабыл алынып, 1931-1935 жылдары Өнеркәсіп академиясында оқиды. 1935 жылы 29 желтоқсанда «Балқаш мыс қорыту зауытының жобасы» атты тақырыпта диплом жобасын қорғап, инженер-металлург біліктілігін алып шығады.

Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш инженер-металлург 1936 – 1940 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытының инженер-металлургі болып жұмыс істейді. 1938 жылы 24 қарашада өзі негізін қалаған үш мұржадан қою түтін будақтап, алғашқы Балқаш мысы алынуына Мәдина Қожбанқызының тікелей қатысы бар тұлға екенін көбіміз білмейміз. 1940 жылдың соңында Мәдина Бегалиева отбасылық жағдайына байланысты Алматы қаласына келіп, Қазақ тау-кен институтының ауыр және түрлі-түсті металдар кафедрасының жанындағы лабораторияда меңгеруші болып жұмыс істейді. Соғыстан кейінгі жылдары қазіргі Атырау облысында әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

1944 жылы Қазақстан КП ОК-нің әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің нұсқаушысы қызметіне ауыстырылады. Содан кейін Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау министрлігінде бақылаушы қызметтерін атқарған. 1949 жылы одақтық маңызы бар дербес зейнетақы демалысына шығады.

1974 жылы 20 желтоқсанда 76 жасына қараған шағында Алматы қаласында дүние салады. Қазақ әйелдерінің құқығын қорғаудағы қажырлы күресте қайралып, Балқаш мысын алу жолындағы өндірістік жұмыста шыңдалған қазақтың қайраткер қызы, қазақ қыздарынан шыққан алғашқы ­инженер-металлург Мәдина Бегалиева қазақтың дарынды ғалымы, ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы математика және тіл білімі оқулықтарының бірнеше басылымының авторы Ғали Бегалиевпен отау құрып, бір ұл, үш қызды дүниеге әкелді.

Оның қоғамға сіңірген еңбегі Еңбек Қызыл Ту орденіне және бірнеше медальға лайық деп танылды. Мәдина Бегалиеваның есімі өзі кіндік қаны тамған ауылында мектептерге берілген.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу50Твитерге32
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру