Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

«Қазақмыстың» теңбіл допшылары – чемпион!

15.09.2023
- Бәрекелді!
0
«Қазақмыстың» теңбіл допшылары – чемпион!
147
БӨЛІСТІ
409
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыстың» футболшылары тау-кен металлургия кешені командалары арасында шағын футболдан өткен бірінші республикалық турнирдің жеңімпазы атанды. Жарыс Алатау бөктеріндегі алып шаһар – Алматыда өтті.

Аталмыш жарысқа «Қазақмыс» атынан футболдан ұжымдар арасында өткен турнирдің чемпиондары «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Цифрландыру қызметінің құрама командасы қатысты. Олар қызықты да тартысты ойын көрсетіп, «Алтын алмас» пен «Полиметалл» командаларын жеңіп, бірде-бір жеңіліссіз ақтық мәреге шықты. Ақтық мәреде ойыншылар тағы да «Полиметалл» командасымен кездесті. Тартысты бәсекеде «қазақмыстықтар» 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Цифрландыру қызметі командасы «Шахтер кубогынан» бөлек, «Үздік қақпашы» номинациясын да жеңіп алды. Оған команданың қақпашысы, электромонтер Айбек Сағынтай ие болды. Сонымен қатар, командаға 1 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды. Жарыстың бас төрешісі ретінде FIFA аккредиттеген төрешісі Александр Кулаков «Қазақмыс» ойыншыларының жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, оларды жеңісімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Айта кетейік, ақтық ойында қарсыластар қақпасына Шәріп Худашев – 3 доп, Ерасыл Сәдуақасов – 1 доп, Темірхан Сүлейменов – 1 доп соғып, ерекше көзге түсті.

Жеңіс туын желбіретіп қайтқан ІТ қызметінің құрама командасын апта басында әріптестері, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқазғантүстімет ӨБ мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының өкілдері мен жергілікті БАҚ қарсы алды.

– «IT Kazakhmys» командасы 2009-2010 жылы құрылды. Құрамында 12 ойыншы бар. Бұл біздің республикалық деңгейдегі бірінші турниріміз. Барлығы жоғары деңгейде өтті, әр қаладан жиналған командалармен алаңға шығып ойнаған қызықты болды.

Алаңға 4 мәрте шығып ойнадық. Финалдық ойында 5:2 нәтижесімен жеңіске жеттік. Аталмыш жарысқа жолдаманы жергілікті футбол командаларының арасында өткен турнирде үздік ойын көрсетіп, жеңімпаз атанып ұтып алған болатынбыз.

Біздің команда бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясы, «КәсіпҚорған», «Jastar Bolashaq» Жастар одағы ұйымдастырған барлық турнирларға қатысып, үздіктер сапынан көрініп келеді.

Алматы қаласында өткен жарысқа демеушілік көрсеткен «Қазақмыс» корпорациясы басшылығына, ұйымдастырушылар «КәсіпҚорған» кәсіподағына алғысымыз шексіз, – дейді команда капитаны Марлен Ералиев.

Мыс алыбы «Қазақмыс» компаниясының ала доп бәсекесінде намысын қорғап, жеңіспен оралған «IT Kazakhmys» командасы әлі талай топ жарып шығарына сенім мол.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу59Твитерге37
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру