Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
- Жаңалықтар
0
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды
67
БӨЛІСТІ
186
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» компаниялар Тобы жыл қорытындысын шығарып, Астанада барлық өндірістік бөлімшелер мен кәсіпорындар арасындағы еңбек жарысының жеңімпаздарын марапаттады. Жеңімпаздар кәсіби шеберлігі, жұмыс тәртібі мен жоғары жетістігі үшін құрметтеліп, естелік сыйлық пен ақшалай сыйақыға ие болды.

«Қазақмыс» үшін басты құндылық – адам. Компания қызметкерлердің еңбегі қауіпсіз, тиімді әрі қолайлы болуы үшін өндірісті жаңғыртуға жүйелі түрде инвестиция салып, жаңа технология мен автоматтандыру жүйесін енгізуде. Жұмыскерлер үшін заманауи тұрмыстық ғимараттар, асханалар мен демалыс аймақтары салынып жатыр. Жекелеген санаттағы отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, еңбекақы қоры мен қызметкерлердің жиынтық табысы, сондай-ақ сыйақы мөлшері мен әлеуметтік кепілдіктер артып келеді.

Өндірісте қауіпсіздік шарасына ерекше көңіл бөлінуде, медициналық сақтандыру бағдарламасы кеңейіп жатыр. Бүгінгі таңда ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы 141 мыңнан астам қызметкер мен олардың отбасы мүшелерін қамтиды. Компания спорт пен мәдениетті қарқынды дамытып жатыр, спорт кешендері, академиялар, білім беру және мәдени орталықтар салынып, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер мен алаңдар құрылуда, кәсіби клубтар мен спорт федерациялары қолдау табуда.

Еңбек жарысын ұйымдастыру және үздіктерге құрмет көрсету – бұл қызметкерлердің еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар корпоративтік мәдениетті нығайтудың, өндірістегі қауіпсіздік пен барлық бөлімшелердің жұмыс тиімділігін арттырудың әдісі. Компания бұл іс-шараны жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Еңбек жарысының жеңімпаздары үш бағыт бойынша анықталды: командалық жетістік, қызметкерлердің жеке нәтижесі және еңбек қауіпсіздігі.

Ұжымдық жетістік өндірістік жоспардың орындалуы мен нақты көрсеткішке және еңбек қауіпсіздігі техникасының сақталуына қарай бағаланды.

Жеке нәтижені арнайы комиссия бағалады. Олар қызметкердің жеке үлесін, жоспарлы тапсырмалар мен негізгі көрсеткіштердің орындалуын, тәртіптік жаза мен өндірістік жазатайым оқиғаның болмауын ескерді.

Еңбек қауіпсіздігі үш негізгі көрсеткіш бойынша бағаланды: жұмыс орнындағы жарақаттану деңгейі, еңбекті қорғау бойынша оқудан өткен қызметкерлердің үлесі және тәртіп бұзуды анықтау мен жою тиімділігі.

Осы тәсілдің арқасында тек командалық табыс қана емес, әр қызметкердің жеке жетістігі бағаланды.

Салтанатты шарада қызметкерлер төмендегі аталымдар бойынша марапатталды:

«Үздік жұмысшы» (негізгі өндіріс)

  1. Базаров Жасұлан Русланұлы – теспе бұрғылаушы
  2. Түсіпов Айдос Жанатұлы – өндіріс телімінің ТЖМ машинисі
  3. Тайлақов Темірхан Дөнесбайұлы – тау-кен телімінің 6-разрядтағы үңгілеушісі
  4. Горлов Вадим Вячеславович – бұрғылау қондырғысының машинисі
  5. Оспанов Ербол Маратұлы – үңгілеуші
  6. Айдарханов Ерсаят Ерболатұлы – үңгілеуші (арка) ГКУ № 22
  7. Байзрахманов Бақдәулет Әбілғазыұлы – № 3 телімнің (өндіру) 6-разрядтағы теспе бұрғылаушысы, № 57 шахта
  8. Лепшаков Шамсуддин Құрмақбайұлы – жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу бойынша электрослесарь. №73/75 шахтаның сервистік телімі
  9. Исмайлов Мәди Шамшаденұлы – Шихта даярлау цехының күйдірушісі
  10. Смағұлов Сансызбай Нәсіпбайұлы – токарь

«Үздік жұмысшы» (қосалқы өндіріс)

  1. Әміртаев Ерлан Әмірғалыұлы – 6-разрядтағы экскаватор машинисі
    (тау-кен өндірісі, қосалқы жұмыс)
  2. Рамазан Өмірбек – су айдау және энергожабдықтау телімінің сорғы қондырғысының машинисі
  3. Әлжанов Нұрхат Әбілқасымұлы – дайындау блогы телімінің электромонтері
  4. Әменов Мәди Амангелдіұлы – автокөлік жүргізуші
  5. Жекіжан Айбол Асқарұлы – қалдық шаруашылықты реттеуші
  6. Байпақов Бақыт Қапанұлы – ҚӨ аккумуляторшысы
  7. Әбдуәлиева Бақытгүл Райсқызы – электр машиналары элементтерін
    ораушы
  8. Матиконите Ирена Дочь Владо – механикалық цехтың токарі
  9. Жылтынов Ербол Қуандықұлы – МПЖЦ отқа төзімдеуші
  10. Аханов Әділет Советұлы – электрмонтер.

«Үздік кәсіпорын»

  1. «Жезқазғансервис», «Қазақмыс Мэйнтенанс сервисиз» ЖШС
  2. Шихта даярлау цехы, Балқаш мыс балқыту заводы, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС
  3. Механикалық құрастыру цехы, Maker
  4. Кешенді партия, «Қазақмыс барлау»

«Үздік қосалқы кәсіпорын»

Құрылыс-монтаждау басқармасы, Жезқазған тау-кен өндірістік кешені

«Үздік тәлімгер»

  1. Райымбеков Думанбек Өмірбекұлы – диірмен машинисі
  2. Несіпбаев Кенжебай Сәрсенұлы – көлік телімінің ТЖК машинисі
  3. Торжан Ернар Елжанұлы – тау-кен телімінің үңгілеушісі
  4. Попович Николай Михайлович – кенші
  5. Юрченко Иван Владимирович – ТЖК машинисі
  6. Сандықбаев Рамазан Төлегенұлы – электрослесарь (№ 65 шахтаның № 3 сервистік телімі)
  7. Баданов Жасұлан Ақылжанұлы – кран машинисі
  8. Панченко Константин Леонидович – электр-газбен дәнекерлеуші

«Үздік инженер-техникалық жұмыскер» (негізгі өндіріс)

  1. Уәлиев Жасталап Төкенұлы – тау-кен шебері
  2. Байқоңыров Данияр Советұлы – үңгілеу телімінің шебері
  3. Ақпаров Қобылан Ахметжанұлы – тау-кен телімі басшысының орынбасары
  4. Рахымберлин Асыл Нұртазаұлы – жер үсті бұрғылау инженері
  5. Әбілдинов Бейбіт Ермұхамбетұлы – телім шебері
  6. Елеусізов Қайыржан Мұханбетқалиұлы – № 27 күрделі тау-кен учаскесінің телім басшысы
  7. Саукимов Азамат Өмірбекұлы – энергетика бөлімінің аға энергетигі
  8. Сарсембай Олжас Жүсіпұлы – «Нұрқазған» сервистік телімінің басшысы
  9. Дүйсембаев Серік Төлеуғазыұлы – энергоқызметтің аға энергетигі
  10. Ким Александр Андреевич – телім басшысы

«Үздік инженер-техникалық жұмыскер» (қосалқы өндіріс)

  1. Мирошниченко Юрий Леонидович – баптау және сынау бойынша бас инженер
  2. Асан Ерлан Бақбергенұлы – су айдау және энергожабдықтау телімінің ауысым шебері
  3. Дәріпбаев Болат Сламұлы – дайындық блогы жер асты учаскесінің электромеханигі
  4. Әбжаппаров Әсет Жанболатұлы – бас механик
  5. Тұңғышбеков Абзал Серікұлы – телім басшысы
  6. Түсіпбеков Нұрсұлтан Жалғасбекұлы – телім басшысы
  7. Васина Татьяна Борисовна – Сәтбаев құрылыс-монтаждау телімінің шебері
  8. Ескермесов Нұрлан Ғабдоллаұлы – Шатыркөл жобасының жетекшісі
  9. Дроздов Вадим Петрович – баптау және сынау бойынша жетекші инженер
  10. Жабаев Берік Сабырұлы – телім басшысы

«Үздік кеніш»

«Нұрқазған» кеніші

«Үздік байыту фабрикасы»

«Нұрқазған» байыту фабрикасы

«Өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшы»

«Нұрқазған» кеніші

Алғыс хат

  1. Оспанов Айтуған Жұмабекұлы – №6 үңгілеу телімінің 6-разрядты үңгілеушісі
  2. Ағатаев Медет Өмірзақұлы – № 65 шахтаның № 9 телімінің 6-разрядтағы теспе бұрғылаушысы
  3. Мамиев Ермек Кайрдиұлы – «Анненск» шахтасының № 85 телімінің SOLO теспе бұрғылаушысы
  4. Айдарханов Марғұлан Мұқанбетұлы – «Шығыс Сарыоба» шахтасының ТЖМ машинисі
  5. Есімсейітов Назымбек Әбдірашұлы – №5 телімнің ТЖМ машинисі

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС PR қызметі.

 

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру