Жұма, 27 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
- «Қазақмыс»
0
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды
66
БӨЛІСТІ
183
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» мен ҚР үстел теннисі федерациясы өңірлерде спортты дамыту үшін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Маңызы зор мәміле аясында өңіріміздегі «Жігер» дене шынықтыру сауықтыру кешенінде үстел теннисінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Евгений Тимченко келіп, шеберлік сабағын өткізді.

Қуатты компания – өңірдегі спорт саласының қуатын арттыруға да үлес қосып келеді. Меморандум аясында  халық игілігі үшін «Жігер»спорт кешені пайдалануға берілген еді. Енді міне, шеберлік сабақтарын өткізуге күш салып жатыр. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Евгений Тимоченконың айтуынша, қазір федерация үстел теннисін кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және қазақстандық спортшылардың шеберлігін арттыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

– Осы орайда, Ұлытау облысы спортшыларының шеберлігін көтеру үшін мені оқу-жаттығу жиынын өткізуге жіберді. Бұл жиынға спорт мектептерінің балалары қатысуда. Жаттығу бағдарламасы аясында жаттықтырушыларға арналған семинар да өтті. Онда біз жаттықтырушыларға қалай жұмыс істеу керек, қалай ойыншыларды жинақтау керек, қазіргі үстел теннисінің даму бағыттары қандай екенін үйреттік. Бұл жұмыстар өңір спортын жаңа деңгейге көтеріп, басқа облыстармен бәсекелесе алатын жағдайға жеткізу үшін қолға алынып отыр, – деді бапкер.

Шеберлік сабағына аймағымыздан қырық бестен аса жас теннисші қатысты. Жаттығу барысында қатысушылар тек тәжірибе жинап қана қоймай, кәсіби кеңестер алды. Басты мақсат – жергілікті спортшылардың шеберлігін арттырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үстел теннисін кеңінен насихаттау. Бүгінде Ұлытау облысы бойынша аға жаттықтырушы Ғалия Әбдіғаппарова жас теннисшілерді спорттың осы түріне баулып жүр.  Аға жаттықтырушы «Қазақмыс» корпорациясының мұндай қолдауы үлкен көмек әрі үлкен тәжірибе екенін алға тартты.

Сондай-ақ оқыңыз

Байланыс тораптары қалыпқа келтірілді

Байланыс тораптары қалыпқа келтірілді

27.06.2025
Мерейлі жас иегері

Мерейлі жас иегері

27.06.2025

Бұдан бөлек меморандум аясында Ұлытау облысының спортшыларына арналған оқу-жаттығу жиындары, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушыларының қатысуымен жаттықтырушыларға арналған семинар, 2016, 2020 және 2024 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан әйгілі спорт шеберлерімен бірлескен шеберлік сағаттары және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру