Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026»

14.07.2026
- Жаңалықтар
0
«Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026»
71
БӨЛІСТІ
196
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қай кезеңде болмасын, металлургия саласы мемлекетіміздің экономикалық қуатын арттыруда маңызды орын алып келеді. Бүгінгі таңда да бұл сала еліміздің индустрия саласындағы негізгі қозғаушы күш болып табылады. Бұл мерекенің жезқазғандықтар үшін орны бөлек. Себебі шаһардың тыныс-тіршілігі дәл осы салаға тікелей тәуелді.

Өңірімізде кәсіби мереке — Металлургтер күніне арналған іс-шаралар легі шілденің 13-і күні басталды. Мерекенің бастауы ретінде қаламыздағы «Намыс» спорт кешенінде «Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026» спорттық сайысының шымылдығы түрілді. Биылғы дода компанияның барлық өңірлерінен келген 200 қызметкердің басын қосты. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Басқарма төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы Мұқан Үңгітбаев спортты қолдау — «Қазақмыстың» әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

«Бұл жарыстар тек спорттық сайыс қана емес, бұл – бірлік пен ұйымшылдықтың, достық пен өзара қолдаудың жарқын көрінісі. Биылғы ойындардың корпорациямызда жарияланған „Қауіпсіздік жылы“ аясында өткізіліп жатқанының маңызы ерекше. Сондықтан әр жарыс әділ өтіп, әр қатысушы өндірістегідей спортта да қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтайды деп сенеміз. „Қазақмыс“ үшін спортты қолдау – бір күндік науқан емес. Компания өңірде заманауи спорттық инфракұрылымды дамытып, жаңа кешендер салып, жас спортшыларға қолайлы жағдай жасауды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Өйткені дені сау ұлт пен белсенді жастар — ел болашағының кепілі», – деді Мұқан Үңгітбаев.

Сонымен, сайыс басталды.

Спортшылар ұлттық спорттың ең танымал жеті түрі бойынша бақ сынады. Жарыс бағдарламасына тоғызқұмалақ пен бес асық, асық ату пен садақ ату, сондай-ақ қазақ күресі, таяқ тарту және арқан тарту ойындары енген. Бұл спорт түрлері халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, білек пен жүректің күшін, төзімділік пен шеберлікті паш етеді.

Садақ ату сайысында бағын сынаған Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасының қызметкері Айбол Барлыбаев: «Мен дәстүрлі садақ ату сайысына қатысудамын. Бұл өнермен айналысып жүргеніме екі жылға жуықтады. Бүгінде елімізде садақ ату спорты қарқынды дамып, мергендер қатары жыл санап артып келеді. Осындай ірі додада өз бағымды сынау — үлкен мәртебе!» — деп өз әсерімен бөлісті.

Ал, Қарағанды құю-механикалық зауытының намысын қорғап келген Нұрбибі Тағаева бес асық ойынының тәрбиелік мәніне тоқталып: «Бес асық — асығыстыққа жол бермей, ережені мұқият сақтап, зор төзімділік танытуды талап ететін, адамның сабырлығы мен зейінін сынайтын керемет ойын. Сайыс өте тартысты өтті», — деп лебізін білдірді.

Екі күнге созылған айтулы додада спортшылар тек жеңіс үшін емес, ұлттық мұрамызды ұлықтау жолында бақ сынасты. Сайыс барысында өндіріс алаңының майталмандары өздерінің спорттық шеберліктерімен қатар дәстүрге деген құрметін көрсетті. Тартысты бәсекенің қорытындысында кіл мықтылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапатқа ие болады.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ

Бөлісу28Твитерге18

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру