«Қазақмыстың» 25 қызметкері төрт күндік тәжірибелік тренингтен өтті. Оқу барысында топ ұжымдар мен кәсіпорындарда еңбек тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеді.
Жезқазған мыс қорыту зауытының бас инженері Елмұрат Әбуовтың айтуынша, тренинг модульдерінің бірі үнемді өндіріс тақырыбын қамтыды. Жаңа білім жұмысты қайта қарауға, кәсіпорындардағы шығынды анықтауға және технологиялық үдерістің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Тренинг барысында жұмысшылар процестерді картаға түсіру мен визуализациялаудың кайдзен жүйесін зерделеді. Бұл әдіс шығынды, ақауды, қатені, түзетуді, мәселені анықтауға, процестерді жақсарту идеясын қолдауға, жұмысшылардың жұмыс жүктемесін нақтылауға және тиімділікті тап басуға мүмкіндік береді.
Тренингтің екінші күні қатысушылар Жезқазған мыс қорыту зауытының мыс электролизі цехына барып, іс жүзінде картаға түсіру әдісін пысықтады. Дәріс барысында топ хронометраж парағын, операциялық диаграмма, жүктеу диаграммасын сонымен қатар, процестің жалпы картасын құрастырды.
«Үнемді технологиялар негіздері» модулі бойынша топтық жұмыста «Қазақмыстың» үнемді өндіріс бағытының қызметкерлері рационализаторлық ұсыныс жүйесі мен 5c жүйесін енгізудің алғашқы табысы жайлы айтып берді.
Тренингке Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысшылары, ұйымдастыру-бақылау, кәсіпкерлік сәулет бөлімдерінің, тұрақты даму департаментінің, жобаларды басқару
орталығының, аутсорсинг жобаларын басқару басқармасының және «Қазақмыс» корпорациясы әкімшілігінің мамандары қатысты. Оқу Әкімшілік қызмет басшысының бастамасымен ұйымдастырылды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.