2021 жылдың 12 айындағы жұмыс нәтижелері бойынша «Қазақмыс Холдинг» ЖШС кен өндіру бойынша өндірістік жоспарды 105,34% орындады.
Барлығы 30 миллион 739 мың тонна кен өндірілді, бұл 2020 жылдан жоғары (28 миллион 656 мың тонна). Өндірілген кендегі мыстың орташа мөлшері жыл қорытындысы бойынша 0,94% құрады, жоспар бойынша 0,90%. 2021 жылы «Қазақмыс» байыту фабрикалары 31,1 миллион тонна кенөңдеді.
2021 жылыөндірілген:
– катодты мыс – 213,299 мың тонна;
– құйма алтын – 5 508 кг;
– құймалар мен түйіршіктердегі күміс – 270 951 кг, өткен жылдың сәкес кезеңінде – 262 184 кг, өсім 8 767 кг (+3,34%);
– 2021 жылды «Қазақмыс» жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Биыл біз катод эквивалентінде 275,2 мың тонна мыс өндіруді жоспарладық. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштердің артуы жаңа Қажықонған кен орнынан кенді қайта өңдеу есебінен болады. «Қазақмыс» кен орнының кен қорларын өндіруді өткен жылы бастаған. Карьер өзінің жобалық қуаттылығына 2023 жылы шығады, – деп хабарлады «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
баспасөз қызметі.