Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

«Қазақмыс» өңірге мешіт салады

15.12.2023
- Бағдар
0
«Қазақмыс» өңірге мешіт салады
86
БӨЛІСТІ
240
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы таяуда Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.

Бас мүфти «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриевпен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің бас директоры Руслан Елкеев және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабеловпен кездесті. Делегаттар жаңа мешіт салу орнына, «Қазақмыстың» өндірістік нысандарына, балалар үйіне барып, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Жаңа мешіт «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қолдауымен салынады. Қазір ғимаратты қайта жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мешіт ғимараты 2000 адамға шақталып тұрғызылатын болады. Мешітте кітапхана, асхана және білім беру орталығы болады. Құрылыстың аяқталуы 2024 жылға жоспарланған.

Сапар барысында Бас мүфти «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриевпен бірге Жезқазған байыту фабрикасы мен Шығыс Жезқазған кенішінің Анненский шахтасына барды. Наурызбай қажы Тағанұлы қызметкерлермен кездесіп, олардың жұмысына батасын беріп, Құран аяттарын оқып, ұлттың игілігі мен амандығы үшін дұға жасады. Сондай-ақ, Бас мүфти қызметкерлерден қауіпсіздікті ешқашан ұмытпауды және сақтауды сұрады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Сәтбаев қаласындағы «Балмағанбет Балқыбайұлы» атындағы мешітке барды. Бас мүфти жиналған жамағатқа уағыз айтты. Намаздан кейін Бас мүфти елдің игілігі үшін дұға етіп, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға ақшалай сертификаттар табыс етті.

Жезқазған қаласындағы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы да Бас мүфти назарынан тыс қалмады. Балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 59 бала тәрбиеленуде. Олар үшін Наурызбай қажы Тағанұлы балалар үйіне жаңа кір жуғыш машинаны сыйға тартты.

Жұмыс сапарының соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумға қол қойды.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу34Твитерге22

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру