Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: қолдау

«Қазақмыс» жас шахматшыларды қолдады

01.03.2024
- «Қазақмыс»: қолдау
0
«Қазақмыс» жас шахматшыларды қолдады
88
БӨЛІСТІ
244
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Новокузнецк қаласында «Академия Интеллект Кубогы» атты жылдам шахматтан өткен ашық Бүкілресейлік жарыста «Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат Академиясы» командасына «Қазақмыс» қолдау көрсетті.

Бұл швейцариялық жүйе бойынша тоғыз айналымда өткен 7 мен 13 жас аралығындағы балалардың командалық жарысы. Әр тур екі кездесуден тұрды. Біріншісінде команда капитандары қарсылас командаға бір уақытта ойын берді, ал екіншісінде стандартты матч – «қабырғадан қабырғаға» ойыны. Жарыста барлығы 26 команда өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық құрама мерзімінен бұрын, аяқталуға бір тур қалғанда, лайықты бірінші орынды иеленді. Олармен бірге жеңіс тұғырына Армения (2-орын) және Қырғызстан (3-орын) құрамалары шықты.

«Академия Интеллект» – жеке оқу орны, оның құрамына «Ойын» шахмат білім беру орталығы да кіреді. Бұл жобалар «СТМК» АҚ жергілікті тау-кен металлургиялық компаниясының бастамасымен және қолдауымен жасалған.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Іссапар барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев «СТМК» АҚ бас директоры Денис Краевпен бірге турнирдің ашылу салтанатына қатысты, сондай-ақ ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу, аймақты дамыту, оның ішінде шахмат спортын дамытуға өзара келісті.

– 2024 жылдың наурыз айында біз Жезқазған қаласында Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының филиалын ашу үшін ғимаратта жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Оның ашылуы жаздың соңына жоспарланған және бұл бастама Ұлытау өңіріндегі жаңа шахмат таланттарын ашуға қызмет ететініне сенімдіміз. «СТМК» АҚ Новокузнецк қаласындағы заманауи Академияның жұмысына демеушілік жасайды және бірнеше жылдан бері шахматтың дамуына қолдау көрсетіп келеді. Өз кезегінде біздің ойыншыларымыздың нәтижелері барлық турнир қатысушыларын тәнті етіп, қазақ шахмат мектебінің деңгейінің жоғары екендігін тағы бір дәлелдеді. Екі жақтың тәжірибесінің үздіктерін енгізу арқылы біз орта мерзімді перспективада Жезқазғанды әлемдік шахмат картасына шығара алатынымызға сенімдімін, – деді Нұрахмет Нұриев сұхбатында.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру