Жексенбі, 18 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Қауіпсіздік «қалқанына» айналды

22.04.2022
- Жаңалықтар
0
Қауіпсіздік «қалқанына» айналды
79
БӨЛІСТІ
220
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Талап пен тәртіп бар жерде еңбек өнімді. Бүгінгі күні өндірісті қауіпсіздендіру, еңбек жағдайын жақсарту «Қазақмыс» компаниясы үшін маңызды стратегиялық бағыт болып отыр. Бұл ретте әрбір жұмысшы бекітілген техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына барынша көңіл бөлуі керек.

Жұмыс орындарында төтенше жағдайдың алдын алу шараларын күшейтуге Тау-кен металлургия  және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы да мүдделі. Кәсіподақтың комитеттері мен бастауыш ұйымдарында қоғамдық инспекторлардың қызметінің маңыздылығы арта түсуде.

Жезқазған жылу, электр орталығында бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүзеге асып келеді.  Кәсіпорындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Марат Қошанов қоғамдық инспекторлардың ағымдағы жылда атқарған шараларының нәтижелі екендігін алға тартты.

– Әрбір кәсіпорынның құрылымына сай кәсібін жетік білетін жұмысшылар арасынан таңдалып алынатын қоғамдық инспектордың еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бағытында атқаратын жұмысы жауапты. Олардың басты міндеті – кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастырып, тәуекелдердің алдын-алу, корпорация деңгейінде қалыптасқан еңбек келісім-шарты негізінде жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Біздің ұжымдағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің жанынан құрылған қоғамдық инспекторлардың жұмысын ілгерілету үшін кәсіпорын басшылығымен бірлескен іс-қимыл жоспарлары бекітілген. Сол жоспар бойынша инспекторлар әр жұма сайын цех басшыларымен және шеберлермен, еңбек қауіпсіздігі бөлімі мамандарымен бірлесіп жұмыс орындарының жағдайын бақылайды.

Тексеріс барысында туындаған кемшіліктер арнайы комиссия отырысында қаралып, нақты шешімдер шығарылады.  Құқықты өрескел бұзған жұмысшыларды ңмәселесі кеңесте қаралып, тиісінше шара қолданылады.  Бүгінгі таңда жылу, электр орталығында 6 қоғамдық инспектор бар. Олар өндірістік қауіпсіздіктен бөлек, жұмыс барысында туындаған тұрмыстық мәселелерге де баса мән береді.  Тұрмыстық ғимараттардағы тамақ қабылдау бекеттеріне жүргізілген тексеріс барысында қажетті құрал-жабдықтардың жеткілікті екендігі анықталды. Сонымен қатар, жұмысшылардың қорғаныш заттары мен арнайы киіммен қамтылуын да қоғамдық инспекторлар назарда ұстап отыр.

Қоғамдық инспектордың атқаруға міндетті құзырындағы қызметті толық жүзеге асыруына байланысты оларды ынталандырусаясаты да жолға қойылған. Оларға ақшалай сыйақы тағайындалады. Жақында «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының аппарат жетекшісі ЖанарСалықова мен филиалдың бас қоғамдық инспекторы Шәкен Кененбаев кәсіподақ комитетінің құжаттарын тексерді.  Аталмыш тексеріс барысында, хаттамалардың сауатты толтырылғандығы анықталып, оңбаға берілді. Бұл ретте қоғамдық инспекторлардың өз жұмыстарына деген жауапкершілігінің басым екендігі айқындалды.

Бүгінде өндірістік қауіпсіздікті нығайтумен қатар, жұмысшылардың мүдделерін қорғау жолында қызмет атқарып жүрген қоғамдық инспекторлар бір сөзбен айтқанда, кәсіпорындардағы қауіпсіздік «қалқанына» айналды, – дейді комитет төрағасы.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • Энергетиктердің еңбегі еленді

    Энергетиктердің еңбегі еленді

    108 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • АҚШ елшісі мыс қорыту зауытымен танысты

    89 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 22
  • Инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Ұйым жүлдесі «ЖезУ» командасына бұйырды

    110 бөлісті
    Бөлісу 44 Твитерге 28
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру