Сәрсенбі, 9 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қылмыс пен жаза

Қашқын ұрының жазбалары

10.11.2023
- Қылмыс пен жаза
0
Қашқын ұрының жазбалары
104
БӨЛІСТІ
289
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Павел СТОВБЧАТЫЙ

(Детектив)

 (Жалғасы. Басы газеттің № 36(1789) санынан басталады).

Қасымда аузы буылған шағын қапшық жатыр. Ішінде туфли, жеңіл киім, темекі, сақал қырғыш сияқты ұсақ-түйек. Салмағы да аса ауыр емес. Шалбар, күрте, пиджакты робаның ішінен киіп алғанмын. Үстімде шымқай қара киім. Хаттар мен фото суреттерімді қимасам да жағып жіберуге тура келді. Тек ішіндегі ең қажетті және ыстық дегендерін алып қалдым.

Сондай-ақ оқыңыз

Қанына тартқан ұл

Қанына тартқан ұл

27.06.2025
Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Ауыр және аса ауыр қылмыстар

20.06.2025

Қолыммен көлегейлеп отырып шылым тұтатып тарттым. Денемде сәл діріл бар. Жалтақ-жалтақ етіп бункер жаққа қарап қоям. Олар әлі көрінетін емес. Осылай он-он бес минуттай отырдым. Бірақ бұл аз ғана уақыт маған тұтас ғұмырдай болып көрінді. Кенет бункердің бұрышынан әлде кімнің көлеңкесі қараң ете қалды, одан кейін екінші, үшінші қарайған қылаң ете қалды. Мен «көлеңкелердің» дарбазаға жетуін күттім. Бірақ олар онда емес, адам жүрмейтін бұрышқа қарай бұрылғандарын байқадым. Жүрегім бір түрлі аузыма тығылғандай болды.

«Солар», – дедім іштей күбірлеп. Сөйттім де қапшығымды тақтайға таяу ысырып, сол жаққа қарай беттедім. Бұқпантайлай отырып келсем, серіктерім шағын бөренеге жайғасқан екен. Қараңғыда түрлерін анықтай алмадым. Тек таяу келіп отырғаннан кейін барып Гадоның жанындағылар Фриц пен Пепел екенін байқадым. Екеуі де үшінші барактың тұрғыны және жерлестер. Краснодар жақтың тумалары. Мен екеуін де жақсы білетінмін. Кезінде осы үшінші баракта бірге тұрдық. Фриц – кең иықты, өркөкірек, боксшы жігіт. Бізге қатаң жазаға кесілген режимнен келген. Сол жақта ет бермегені үшін асханада істейтін зекті бауыздап тастаған. Сол үшін оған он бір жыл кесіпті. Оның үш жылын жабық түрмеде өткізген. Пепел де баскесердің бірі. Отыз жыл отырған. Зонада оларға ешкім қарсы келген емес. Олар үшін кімнің де болмасын өмірін қиып жіберу тышқан өлтіргеннен де оңай екенін біледі бәрі. Рас бұл екеуі де «чистый» братвалардың когортіне кірмейді. Алайда авторитеттердің өзі олармен санасып отырады.

Мен, Гадоның адам таңдай білу қабілетіне таң қалдым. Шынында да, жанды нәрсені, әсіресе адам атуға келгенде екеуінің де қолдары қалтырамасы анық еді. Бұлар өз бастары жерге домалап түскенше арпалысып, атысуға бар.

Қол алысып амандасқан соң мен де жайғасып отырдым. Соны күткендей-ақ, Гадо әңгімені бастап кетті.

– Қазір түнгі екі… Он екінші зонаға дейін жетіп, басқышты құрғанша тағы жарты сағат өтеді. Біз бір сағат, бір сағат жиырма минутта үлгеруіміз керек. Таңғы төрттерде жұрттың бәрін ұйқы қысады. Менттер де маужырай бастайды. Екі-екіден қозғаламыз. Темір жолға жеткен соң омырауларыңдағы бирканы жұлып тастауды ұмытпаңдар. Кеттік.

Гадоның бирка деп отырғаны біздің телогрейканың жағасына тігілген ақ мата. Түнде оперативниктер биржа басында тәртіп бұзғандарды осы бирка бойынша қай зонанікі екенін анықтайды. Биржа үлкен, бір жарым-екі мыңдай зек жұмыс істейді. Он бір мен он екінші зона қатар. Біздің бирка дөңгелек те, он екіліктердің биркасы төрт бұрышты.

Жолайы жолқапшығымды алған мен Гадоға еріп биохимия заводына қарай беттедік. Мұнда кілең еріктілер жұмыс істейді. Завод пен биржаның арасы ашық алаң. Ұшқан құс пен жүгірген аң вышкада тұрған сақшының назарынан тыс қалмайды. Екі араға тек бір транспортермен ғана қатынасады. Біз оны «өмір жібі» дейміз. Бұл ара маған өте таныс. Өйткені осы жерден талай «грев» – спирт алып тұратынбыз.

Біз он екінші зонаның шекарасы сияқты болған темір жол торабына еш кедергісіз жеттік.

– Бұл жермен ешкім жүре қоймайды. Әйтсе де сақтықта қорлық жоқ, мә, мынаны ал… – құлағыма еңкейе сыбырлаған Гадо фиксаторын басып қалып қолыма «выкидуханы» ұстата салды.

Қолыма тиген пышақтың салмағына еріксіз таң қалдым.

– Мынадай нәрсемен екі адамды қатар жайратуға болатын шығар, – дедім еріксіз.

– Маған десең үшеуін жайрат, бәрі бір. Олар бұл жолмен жүруге қорқады. Бірақ, кім біледі.

Сәл кідірген Гадо белінен бір затты суырып алды. Сөйтті де көз алдыма ТТ пистолетін тосты.

– Оқшантайы толы. Тағы бір толығы бар. Так что, все ништяк! Тек әлі ертерек атуға. Әйтпесе… Бәрін жер жастандырар едім. Қанымды ішіп болды. Б..!

Менттерді келістіріп тұрып бір боқтаған Гадо қайта жолға түсті.

ТТ туралы мен ештеңе білмейтінмін. Қолдан жасалынған ствол ғана болады деп ойлағанмын. Кәдімгі қаруды көргенде менің күдігім сейіле түсті.

Біз жеткенде Пепел мен Фриц күтіп тұр екен. Бізден бұрын келіпті. Олар төте жолмен кеткен болатын. Менің байқағаным, қашу жоспарының кішкене деталіне дейін менен басқасына белгілі сияқты. Тек мен ғана әрбір «сюрпризге» таңданумен келем.

Біз екі үлкен штабельдің арасындағы қуысқа келіп тірелдік. Осы жерден он шақты метрдей жерде запретка басталады. Ал, одан сәл бұрыстау зектер «военторг» деп атап кеткен вышка тұр. Күн сайын зектер осында келіп «грев» күтеді. Вышкадан шай, темекі, спирт құйылған грелка ұшып келіп жатады.

Аударған Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.
(Жалғасы бар).

 

Бөлісу42Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

04.07.2025
Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

04.07.2025
Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

04.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру