Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Қарышты қадаммен – жиырма жыл

15.11.2024
- Мерей
0
Қарышты қадаммен – жиырма жыл
87
БӨЛІСТІ
242
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» кен көздері шоғырланған жерлерді игеру арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамтуды жүзеге асыра отырып, кеніштер мен фабрикалар салуды ХХІ ғасырдың бас кезінде қарқынды жүргізді. Соның нәтижесінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында «Қарағайлы» байыту фабрикасы «Қазақмыс» корпорациясының демеушілігімен қайта жанданды.

Бұл өндіріс ошағының тарихы өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастау алады. 1950 жылдары кен барлау экспедициясының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қарағайлы кенішінде барит полиметалының мол қоры бар екені анықталады. Минералдық құрамы әртүрлі, дегенмен, басым бөлігі – барит, қорғасын, мыс пен мырыш. Осындай бағалы металдарды өндіріп, оны қорыту әрі байыту мақсатында 1963 жылы Қарағайлы кен байыту фабрикасының іргетасы қаланды. Алғашында жылдық қуаты 100 мың тонна өнімді қорытатын № 1 және кейіннен, 1978 жылы жылдық қуаты 1,5 млн. тонна кен өңдейтін № 2 фабрика іске қосылды. Осы жылдары өндіріс орнын ашуға арнайы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д. Қонаев пен сол кездегі облыстық партия комитетінің хатшысы Н. Назарбаев келген еді. Құрылуы бірнеше кезеңнен тұратын фабриканың бүгінде жұмысы қарқынды, еңбегі толымды.

Заманауи технологияларға негізделген кен байыту тетіктерінің нәтижесінде фабрика тәулігіне 10 мың тонна кен байытуға қуатты. Фабрикаға қарасты «Ақбастау» және «Абыз» кеніштерінен әкелінетін рудадан мыс және мырыш концентраттарын алады.

2004 жылы қайта түлеп, жанданған Қарағайлы кентіндегі фабрика басшылығы тұрғылықты халықтың жұмыспен қамтылуына басымдық беріп отыр. Жиырма жылда қарышты қадаммен алға озған фабриканың мерейтойы аталып өтті.

«Қарағайлы» байыту фабрикасының басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағының «Қарағайлы» фабрикасындағы комитеті ұйытқы болған салтанатты жиында өндіріс озаттары сый-құрметке ие болды. Қарағайлы кентінің тамырына қан жүгіртіп отырған өндіріс нысанының өнім өндірудегі үлесі арта түскені айтылып, кент әкімдігі атынан фабрика басшылығына алғыс білдірілді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу35Твитерге22

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру