Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Қарышты қадам

29.07.2022
- Өндіріс өрісі
0
Қарышты қадам
72
БӨЛІСТІ
201
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Инновациялық технология – жаһандану жағдайында инновациялық-индустриалдық дамудың басты белгісінің бірі. Нарықтық экономикалық қатынаста кез-келген кәсіпорынның толайым табысы, оның жаңашылдық бағыт-бағдары аймақтың әлеуметтік дамуымен, ұжым мүшесінің тұрмысын түзеуімен тығыз байланысты.

Басшылығы тың инновациялық кеңістік қалыптастырған, басты назарды өндіріс тиімділігін арттыратын стратегиялық бағытқа аударған, жаһандық нарықтың ерекшелігін екшеген, инновациялық технологияны ілгерілеу тетігі деп түсінген «Қазақмыс» –  жаңашылдыққа, жағымды жаңалыққа бір табан жақын әлемдік деңгейдегі бірегей компания.

 

Инновациялық игілік

Әлемдік экономикадағы дүркін-дүркін дағдарысты қалыптасқан дағдысына сай тастүйін дайындықпен қарсы ала білген  «Қазақмыс» кез-келген күрделі жаңа жағдайдан шығынсыз шығу үшін шұғыл шаруаны өндірістің күнілгері белгіленген стратегиялық бағдарламасына сәйкес байыппен жалғастырады: кенішке – жетілдірілген қуатты жабдық, кен байыту мен шақпақ мыс шығару өндірісіне тиімді тәсіл енгізуде кідіріске жол бермейді.

Еңбектің әлеуметтік сипатына көңіл бөледі. Инновациялық-экономикалық нарықтық тұтқаны іске қосады. Өркендеу өрісінің қозғаушы күші ретінде икемді инновациялық саясат ұстанады. Өндірістегі қауіпсіздік саясаты компания келешегінің айшықты әлеуметтік ажарын аша түседі.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

Әлемдік рынокта бәсекеге төтеп беретін тауар өндіру үшін өндіріс пен ғылымның берік байланысын жолға қойған. Тапқан пайданың белгілі бір бөлігін инновациялық технологияға жұмсау өндірісті жаңғырту саласында белсенділік ахуалын қалыптастыруға жол ашты.

Инновациялық стратегияны жүзеге асыруда маманның жаңашылдық менеджментін қалыптастыру маңызды. Ол әлемдік деңгейдегі ғылыми және өнертапқыштық жетістікке негізделген инновациялық жоба мен бағдарлама жасап, жүзеге асыруға қабілетті болса, компанияның жұлдызы жанғаны.

«Қазақмыс» – шыңыраудан шикізат шығарған шахтер, құнарлы концентрат алған байытушы, катод мысын өндірген металлург бас біріктірген қуатты компания. Онда жер қойнауы байлығын тиімді пайдалану, кен орнының «ғұмырын ұзарту» бағытында ұтымды ұсыныс жасап, жүйелі жүзеге асырып жүрген қабілетті ғылыми-инженерлік корпус қалыптасқан.

Компанияда небір ұтқыр ұйымдастырушы, білікті кәсіпқой инженер, тәжірибесі толысқан тарлан, теориялық терең білімді ғылым саңлағы, өндіріс пен ғылымды тығыз ұштастырып үнемі ізденіс үстінде жүретін тынымсыз талант көптеп табылады. Олар өндіріске енгізген жаңа технологияның жалпы ел экономикасын дамытуда алатын елеулі маңызы зор.

Ғылыми-инженерлік корпусқа және өндірістің ішкі резервін тиімді пайдалануға, техникалық-экономикалық жоспарлауға, өндірістік үдерістің барысын есептеу мен бақылауға, өндіріске экономикалық және техникалық қызмет көрсету мен оны басқаруға айрықша назар аударылған.

Ғылым мен өндірістің байланысын нығайту – компанияны басқару қызметіндегі елеулі фактор және ол сапалық жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Мәселен, ғылыми ізденісті дамыту мен өндіріске енгізу аймақ экономикасын өркендетуге сәйкес мақсатты сипат алған.

Бұл жұмыс күшін тиімді орналастыру, кен барлау және игеру, техника мен технологияны жетілдіру, инновациялық үдеріске басшылық жасау сияқты маңызды міндетпен берік байланысты. Қызметкердің кәсіби біліктілігі мен білімін көтеру аймақтағы индустриялдық секторда өтіп жатқан инновациялық үдерісті тереңірек түсінуге игі ықпал етеді.

Сондықтан, елдегі және жергілікті жердегі жоғары оқу орнын былай қойғанда, шалғайдағы шетелде оқыту жобасын жүзеге асыруға компания қыруар қаржы жұмсап келеді. Инновациялық үдеріс ұжымдық жаңа дәстүр, жеке жауапкершілік, келешекке сеніммен қарау секілді көзқарастың тың үлгісін қалыптастырады.

Кен өндіру

Уақытпен үндес үдеріс

Дүниені дүркін-дүркін дүрліктірген дағдарыс «Қазақмысқа» да қиғаш килікті. Бірақ, оған бой беретін компания байқалмайды. Дағдарыс дүмпуіне салиқалы стратегияны қарсы қойып, күтпеген көлденең қиындықтан құтылудың тиімді жолын тауып келеді. Қол жеткен өндірістік көрсеткіш пен қаржылық қортынды – айтылғанға айқын айғақ.

«Қазақмыстың» қызметі шикізат қорын көбейтуге, өндіріс көлемін ұлғайтуға,  өнімнің өзіндік құнын кемітуге, басқару сапасын көтеруге, тағы басқа мақсатты жұмыс жүргізуге бағытталған. Көздегені – әлемдік үлгідегі тиімділігі жоғары өндіріс кешенін қалыптастыру.

Әлемдік нарықта мыстың сауда-саттығындағы сылбырлық салқынын тигізгеніне қарамастан, өндірістің тоқырауына жол берілмеді. Кезінде қоймаға қойылған құрамы кедей кенді қайта өңдеу мен байыту барысында қалқу коэффициентін көтеру жергілікті шикізаттан мол мыс өндіруге мүмкіндік берді.

Шикізат өңдеу

Ілеспе өнім өндірісі, оның ішінде мырыш концентратын, күміс пен алтын өндіру айтарлықтай артты. Кен өндіру мен өңдеудегі кешенді жұмыс, қаржыны үнемді жұмсауға бақылауды күшейту және шығынды барынша қысқарту рентабельділіктің күрт құлдырауын тежеді.

Әлемдік нарықтағы қолайсыздық компанияның ұзақ мерзімдік жоспарына салқынын тигізе алмады. Соның арқасында сындарлы стратегияға сәйкес басым бағыттағы бірқатар инвестициялық бағдарлама жүйелі жалғасты. Қалыптасқан тұрақты қаржылық ахуал өндірісті одан әрі ұлғайтуға жол ашты.

Компанияда басқару тиімділігін жетілдіру мен шамадан тыс шығынды қысқартуға бағытталған шара жүйелі жүзеге асырылды. Соның бірі – өндірісті жедел басқарудың жаңа құрылымы: кен өндіру кешені мен кен байыту кешені. Бұдан былай екеуі де тікелей корпорация басқармасына бағынады.

Басшылық құрамдағы бастапқы өзгеріс Балқаш бойында басталып, Қарағанды қапталында қортындыланды. Кәсіпорын қызметін қадағалайтын басқарма мен инженерлік-техникалық буын біршама ықшамдалды. Өндірісті өркендету өрісі, компанияның көрнекті көкжиегі «Қазақмыстың» ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында дәйектелген.

Егер бедерлі белес биігінен өткенге көз жіберсек, әдемі әсерге бөлейтін небір елеулі оқиғаның куәсі боламыз. Өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеті жоғары, өндірісті одан әрі ұлғайтып, нығайтуға барлық алғышарт жасалған компания жылнамасының жарқын бетін кенші, байытушы мен металлург қажымас қайрат, іркіліссіз ізденіс, жалындаған жігермен жазуда.

Берекелі балқыма

Әрине, атқарылған ауқымды іске толық тоқталып, сыпыра түгендеу – мақсат та, мүмкін де емес. Құлашын кеңге сермеген «Қазақмыстың» қайырлы қадамы келісті келешегін көзге елестетеді. Әлемнің әлденеше алпауыт компаниясы қатарында қазақстандық тоғызы тоқайласқан Лондон қор биржасының мамандары – британдық бизнесмен, қарымды қаржыгер, сарабдал сарапшы оны «келешегі кемел компания» деп бағалап отыр.

Әлібек ӘБДІРАШ,

Қазақстанның Құрметті журналисі.

 

 

 

 

 

 

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру