Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Қартын қазынасына балаған әулет

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

30.09.2022
- Мұқаба
0
Қартын қазынасына балаған әулет
105
БӨЛІСТІ
291
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған төңірегінде Мейрамовтар әулетін біле қоймайтындар кем де кем. Еңбекпен ел құрметіне кенелген бұл әулеттің өндіріс саласындағы жалпы еңбек өтілі 500 жылға таяу. 

Қилы замандарда ата-бабалары шекара асып, Өзбекстанды паналаған Ерсейіттің ұрпақтары кейін  ата жұртқа оралып,  өркен жайды.  Сол Ерсейттен тараған ұрпақтың бірі – Оразалы Мейрамов ақсақал.  Түсті металлургияның отаны саналатын Қарсақбайда металлургия саласында еңбек жолын бастап, балқытушы, бригадир дәрежесіне көтерілген Оразалы Мейрамов кейін Жезқазған мыс қорыту зауытында зейнет жасқа жеткенше еңбек етті. Талай буын алмасса да бұл әулетте мамандыққа деген адалдықтың  арқауы үзілген емес.  Сексен жеті жастағы ардагер металлургтің ізін жалғаған үшінші буын бүгінде еңбек көрігін қыздыруда.

Оразалы ақсақал мен Есенкүл ана 10 бала тәрбиелеп, солардан немере-шөбере сүйіп отырған ардақты жандар.  Есенкүл Мейрамова да отыз жылдан аса Жезқазған сирекметалл кәсіпорнында еңбек ете жүріп, он баланың тәлімі мен тәрбиесіне көңіл бөлді. Ел-жұртының ыстық ықыласына кенелген Оразалы Мейрамов Мәскеуде Қазан төңкерілісінің 50 жылдығы мен Германия демократиялық республикасының құрылығанынаа 30 жыл толу құрметіне өткізілген жиынға қатысып,  «достық балқымасын» алған жалғыз жезқазғандық «Ленин» орденді металлург екенін ұрпағы мақтан тұтады.

Мәуелі бәтерекке айналып,  тамыры тереңге тартқан Оразалы ақсақал мен Есенкүл әже өздерінен өрбіген ұрпақтың қызығына қарттықтың кемесінде кенеліп отырған жайлары бар. Қартын қазынасына балған әулет әке мен ананың, ата мен әженің ақ батасымен өсіп-өнуде. Кеудесі шежіреге толы қарттарымыздың ғұмыры ұзақ болсын деп тіледік.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

«Мысты өңір».

Бөлісу42Твитерге26

Көп қаралған

  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру