Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қылмыс пен жаза

Қаржы пирамидасы қалтаңызды қақпасын десеңіз

29.08.2025
- Қылмыс пен жаза
0
Қаржы пирамидасы қалтаңызды қақпасын десеңіз
80
БӨЛІСТІ
221
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қаржы пирамидасы – бұл алаяқтықтың бір түрі, бұл жағдайда жаңа қосылған адамдар ақша салады, ал олардың салған ақшалары бұрын қосылған қатысушыларға төленеді. Негізгі идея – жоғары кіріс уәде етіп, жаңа қатысушыларды тарту болып табылады. Адамдар мен ақша ағыны тоқтағанда пирамида құлайды.

Қаржы  пирамидаларының түрі:

Көпдеңгейлі пирамидалар – мұндай құрылымды құру және оның жұмыс істеуінің негізгі тетігі мыналардан тұрады: әрбір жаңадан келген қатысушы бірінші жарна енгізеді, ол пирамида мүшелерінің иерархиясы бойынша жоғары тұрған мүшелер арасында бөлінеді. Өз кезегінде, жаңадан келген адам ақша табу үшін бірнеше адамды шақыруға тиіс, жаңадан шақырылғандардың жарналары да осыған ұқсас тәсілмен өзара бөлінеді. Бұл жаңа мүшелер ағыны тоқтағанға дейін жалғаса береді.

Желілік маркетинг қағидаты бойынша құрылған пирамидалар – схеманы іске асырудың негізгі тетігі компанияның тауарларды/қызметтерді сатуы болып табылады. Бұл жағдайда тауар жай бүркеніш болып табылады және көбінесе оның құны да жоғары болады. Әдетте бұл сағат, косметика, тұрмыстық химия және т.б. сияқты өнімдер.

Мессенджерлерде шақыру жіберу қағидаты бойынша схеманы қолданатын пирамидалар – олар тек WhatApp, Telegram және т.б. сияқты мессенджерлерде онлайн-топтарда жұмыс істейді. Мұндай кезде топ құрылады, оған кіру үшін ақшалай жарна салу және қосымша 2 ден 4 адамға дейін шақыру қажет, олар үшін 200 %-дан 400 %-ға дейін сыйақы беріледі. Шақырылатын қатысушылар саны шектелмейді.

Эксклюзивті клубқа қатысу (мүше болу) – мұнда қатысушыларға круиздер, жолдамалар, саяхаттар, бизнесті құру және ілгерілету, маркетинг, инвестициялар, копирайтинг, сондай-ақ хиромантия, астрономия, психикалық тепе-теңдікті жақсарту, психология, нумерология, рәміздер, магия және т.б. бойынша оқыту ұсынылады. Міндетті талаптардың бірі – бағдарламаларға байланысты (1-3 жылдан 5-10 жылға дейін) белгілі бір мерзімге басқа адамдарды тарту немесе кіру жарнасын салу.

Қаржы пирамидаларының белгілері:

  • БАҚ-та, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жоғары табысты, пассивті кірісті уәде еткен белсенді жарнама;
  • Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағасынан жоғары бағамен сатып алуды (үш айдан басталатын бөліп төлеуге не ең төмен пайыздық мөлшерлемемен) ұсынады;
  • Белгілі бір сомаға тауарды/көрсетілетін қызметті сатып алу және қосымша бірнеше адамды тарту міндетті талап болып табылады (бұл ретте бөлшек сауда болмайды);
  • Мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:
  • банктік қызметті, оның ішінде депозиттер тарту, кредит беру, аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру және т.б.;
  • бағалы қағаздар нарығындағы қызметті;
  • сақтандыру нарығындағы қызметті;
  • микрокредиттер беру жөніндегі қызметті;
  • коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – ҚНРДА) лицензиясының/есептік тіркеуінің болмауы.

Ақшаны енгізу жеке тұлғаның карточкалық шотына немесе төлем ұйымдарының терминалдары арқылы электрондық әмиянға қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады;

Компанияның, жеке тұлғаның немесе жария жобаның нақты анықтамасы жоқ (бірегей қызмет туралы мәлімдеме) Алаяқтар жұмыстарын жоғары табыс әкелетін салада жасаймыз деп айтады: мұнай өндіру, алытн өндіру, құрылыс, микроқаржы саласы, Forex нарығы, бағалы қағаздар нарығы.

Нарықтық көрсеткіштен едәуір жоғары кірістілік туралы ашық айту;

Кепілдік берілген кірістіліктер (банктік салымдарды қоспағанда, қаржы нарығында тыйым салынған);

Атауында, символикасында, жарнама хабарландыруларында танымал брендтердің брендбук элементтерін, сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.

Ақшаңызды салмас бұрын, кімге және қандай мақсатқа беріп жатқаныңыз туралы ойланыңыз. Егер өз қаражатыңызды сенім білдіріп салғыңыз келетін ұйымда жоғарыда аталған белгілердің барлығын немесе бірнешеуін анықтасаңыз, кезекті қаржы пирамидасына тартып жатқан жоқ па дегенді ойланғаныңыз дұрыс.

Қаржы (инвестициялық) пирамида құрғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабында үш жылға дейінге мерзімге қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Жарнама дайындағаны, таратқаны және орналастырғаны үшін қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметіне ҚР ӘҚтК-нің 150-бабы бойынша әкімшілік жаза және 150-600 АЕК аралығындағы мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында ҚНРДА-ға қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтарынан шығымдар келіп түскен жосықсыз қызмет белгілеріне ие ұйымдардың тізімі жарияланған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – ҚМА) ресми интернет-ресурсында қаржы пирамидасы ретіндегі қызметпен айналысады деген күдікке ие, олар бойынша сот үкімдері шығып қойған ұйымдардың кеңейтілген тізімі жарияланған.

Сізге қаржы пирамидасына қатысуға ұсыныс жасалатын болса, тұрғылықты орныңыз бойынша дереу құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен ҚМА-ға жүгіну қажет. Қаржы нарығында заңсыз қызметті жүзеге асыруға күдік туындаған жағдайда Cіз ҚНРДА-ға жүгіне аласыз. Қаржы реттеушісіне «FingramotaOnline» мобильді қосымшасының» «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі арқылы байланыса аласыз.

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру