Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Қарашаңырақтағы құрмет

26.07.2024
- Шарайна
0
Қарашаңырақтағы құрмет
96
БӨЛІСТІ
268
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақ мысының бастау бұлағы саналатын Қарсақбай кентінде де металлургтердің кәсіби мерекесі үздіктерді үкілеумен көрініс тапты.  Тоқсан алты жылдық тарихы бар Қарсақбай металлургиялық зауыты кенттің тіршілігін тоқтатпай, жалғастырып келеді. Өндіріс ошағындағы еңбек озаттарын Жезқазған мыс қорыту зауытының директоры Жасұлан Байниязов құттықтады.

– Түсті металлургияның қарашаңырағы саналатын Қарсақбайдың металлургтері біздің мақтанышымыз. Зауыттың өндіріске қажетті бұйымдар шығаруында жүздеген қарсақбайлық жұмыла еңбек етуде. Қарсақбайдың қара мысының арқасында қаланған бұл саланың ғұмыры ұзақ болсын, – деді Жасұлан Тұрсынбекұлы.

Өндірістегі жеке табысы үшін зауыттың өндірістік-техникалық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Құланқадыр Еділбаев ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Зауыттың күзетшісі Әбдібек Тоқметов, электрмонтер Еркін Жеңсікбаев, металл құюшы Бақтияр Аңсағаев, қалыптаушы Серік Түлкібаев ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты.

Сонымен қатар, көлік жүргізуші Балқаш Телбаев «Қазақмыс» Холдинг Директорлар Кеңесі төрағасының Құрмет грамотасымен, металл құюшы Мұрат Мұқанов «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Жезқазғантүстімет» ӨБ Бас директорының Құрмет грамотасына құю-механикалық бөлімінің жұмысшысы Марғұлан Қорштаев, металл жонушы Руслан Маслов пен электр және газбен дәнекерлеуші Владимир Миллер ие болды.

Мереке иелеріне «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы төрағасының орынбасары Сержан Жақсыбеков лебізін арнай келіп, ұйым атынан зауыттың директоры Мұрат Мәткенов пен электр және газбен дәнекерлеуші Дарқан Қожахметовке «Еңбек озаты» төсбелгісін тапсырды.

Салтанатты жиын Қарсақбай кентіндегі саябақта спорттық шарамен жалғасты. Спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлыққа қол жеткізді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру