Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Қарақұм көтерілісі

21.07.2023
- Руханият
0
Қарақұм көтерілісі
207
БӨЛІСТІ
575
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстанда 1929-1931 жылдары кеңестік әміршілдік жүйеге қарсы бағытталған 372 қарулы қақтығыс болғаны тарихтан белгілі. Соның бірі – «Қарақұм көтерілісі».

1930 жылы наурызда басталып, желтоқсанда аяқталған оған Қазалы, Қармақшы, Тереңөзек, Жалағаш, тағы басқа  аудандардың шаруа жайымен көшіп-қонып жүрген шаруалары қатысты. Көршілес Ырғыз бен Арал, Қарсақбай ауданының бірқатар ауылы да бас көтеруге қосылды. Кеңес өкіметтің қысымына шыдамай, Қарақұмды паналаған ауылдар қолдарына қару алып, қорғануға мәжбүр болды. Көтерілісшілердің үлкен бір тобын дінбасы Жұмағазы Бәйімбетов басқарды.

«Қанға бөктірген қарулы қақтығыстың алға қойған мақсаты не?» деген сауалға ҰҚК архивінде сақталған «Жұмағазы ханның сөйлеген сөзі» деп аталатын құжат біршама жауап беретіндей. Онда: «Кеңес өкіметін құлатып, қазақ жерінде өз билігімізді жүргіземіз деген ой бізде болған жоқ. Қазақ халқы Қазан төңкерісінен кейін басқа халыққа қарағанда бірінші болып Кеңесті қолдаған еді… Менің ойымша бұрынғы отарлық саясат әлі де жалғасып келеді. Неге біз Қарақұмға жиналдық. Өйткені Кеңес өкіметі қазақтарды репрессияға ұшыратты. Байларды конфискілеп, өздерін жер аударды. Басқаларына ауыр салық салып, руларды ыдыратып жіберді. Енді, міне, күштеу жолымен коллективтендіру жүргізілуде. Халық осының бәріне көніп келді… Егер сіздер болған оқиғаны келіссөз арқылы шешетін болсаңыздар, біз сіздерге тек өз ризашылығымызды білдіреміз» делінген.

Әскери округтік комиссия Қарақұмға үкімет комиссиясын жіберуді ұсынады. ҚазОАК төрағасы орынбасары Әліби Жангелдин, жазушылар С.Сейфуллин,  Ғ.Мүсірепов, тағы басқа танымал тұлғадан тұратын комиссия Қарақұмға аттанады. Бірнеше күнге созылған келіссөзден кейін, олар көтерілісшілерді қаруын тапсыруға көндіреді. Өкінішке орай, Мемлекеттік комиссияның шешіміне қарамастан, Қазақстан К(б)П Өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.Голощекиннің тапсырмасымен келіссөзге қатынасқан адамның барлығы дерлік Алматыға әкелініп, абақтыға жабылды. 1930 жылы 15 шілдеде Қазақстандағы Біріккен Саяси Бас басқармасының «үштігімен» олар ату жазасына кесілді.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Осыдан кейін Қарақұмда шаруалар қайтадан бас көтереді. Тамыз-желтоқсанда болған қарулы қақтығыстан кейін қолға түскен 586 адамның 210-ы «кедей» мен «орташа» ретінде босатылады, 6 адамның ісі ОГПУ-дің Қарсақбай аудандық бөліміне тексеруге жіберіледі. «Ерекше үштіктің» шешімімен 175 адам ату жазасына кесіледі. 172 адам 2-10 жыл мерзімге еңбекпен түзету лагеріне жіберіледі. 6 адам Қазақстанның өзге аймағына жер аударылады. Шығыс Сібірге5 жылға – 1 адам, еңбекпен түзету лагеріне 3 жылға 9 адам айдалады. Жазалау Ұлы Отан соғысына дейін жалғасады.

Таяуда Қоскөл ауылдық округінің орталығында «Халық қатысқан бюджет» бағдарламасы аясында аудандық бюджет қаражаты есебінен Қарақұм көтерілісіне қатысқан боздақтарға арналған мемориалдық тақта салтанатты жағдайда ашылды.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Бөлісу83Твитерге52
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру