Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Қаражалда жаңа мектеп салынады

14.02.2025
- Жаңалықтар
0
Қаражалда жаңа мектеп салынады
76
БӨЛІСТІ
210
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді» деген жағымды жаңалық елді бір серпілтіп тастады. Әсіресе, Қаражал өңірінің жұртшылығы бұл жаңалыққа бөріктерін аспанға ата қуанды.

Өйткені, жаңа мектеп қазыналы өңірдің «Вокзал» шағын ауданында салынады. «Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді» делінген жоғарыдан келген ақпаратта.

Біз осы жаңалыққа орай Қаражал қалалық білім бөлімінің басшысы Тілеш Аштаевқа хабарласқан едік. Оның айтуынша, шағын ауданында бір қабатты ғимаратта орыс тілінде оқытылатын № 5 негізгі орта мектеп болған. Мектепте білім беру үшін санитарлық талаптарға сай барлық жағдай жасалған. Онда асхана, кітапхана, спорт зал, спорт алаңы және бастауыш сыныптарға арналған жеке қосымша ғимарат бар. Кешегі оңтайландыру кездегі белгілі себептерге байланысты 1994 жылы бұл мектеп жабылып, қайта құрылуға іліккен.

1996 жылы станция тұрғындарының сұрауы бойынша 1968 жылы салынған балабақша ғимараты № 1 жалпы білім беретін мектептің филиалы ретінде қайта ашылды. Ал, 2000 жылы № 5 жалпы білім беретін орта мектеп болып аталды.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025

– 2021 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес сол кездегі Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылдың 29 шілдесіндегі № 52/13 қаулысы бойынша Қаражал қаласы білім бөлімінің «№ 5 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталып, оқу кабинеттері жетіспеушіліктен, оқушылар саны көп болғандықтан жоғары сынып окушылары шағын ауданнан 12 шақырым қашықтықта орналасқан қаланың басқа мектептеріне ауыстырылды.

Қазіргі таңда 113 бала 2 ауысыммен қалаға автобуспен тасымалданады. Бірақ, автобуспен тасымалдау «СанПинге» сәйкес келмейді. Ондағы ережелер бойынша, әр оқушының жеке орыны болуы тиіс. Осылардың бәрін ескере келіп шағынаудан тұрғындары бар, біз бар бұл мәселені көп жылдан бері көтеріп келеміз. Соның нәтижесінде жаңа мектеп салынатын болды, – дейді Тілеш Бейсенбайұлы.

Бөлім басшысы сондай-ақ, шағынаудандағы қазіргі бастауыш мектеп болып отырған ғимараттың өзі заман талабына сай келмейтінін айтады. Ғимараттың жалпы ауданы 236 шаршы метр, оның ішінде оқу кабинеттері – 119,8 шаршы метр ғана. СанПин бойынша әр білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр болуы керек, – дейді ол.

– Оқушыларға ақпараттық қызмет көрсететін шағын кітапхана болғанымен оның оқырман залы жоқ. Балалардың салауатты өмір салтын ұстануға дене шынықтыру тәрбиесі толыққанды атқарылмайды, себебі спорт залы жоқ. Оқушылар дене шынықтыру сабақтарын сыныпта немесе аулада өткізуге мәжбүр. Сонымен қатар оқушылардың денсаулығын нығайту үшін асхананың жоқтығы кедергі келтіруде. Білім алушылардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға жағдай жасалмаған, себебі мектепте сыныптан тыс мәдени іс-шаралар өткізу үшін арнайы зал жоқ, – дейді Тілеш Аштаев бізбен әңгімесінде.

Станция шағын ауданында қазіргі есеп бойынша 236 бала бар екен, оның ішінде 113 оқушы қала мектептеріне қатынап оқиды және 8 бала балабақшаға барады.

Міне, жоғарыда аталған мәселелер енді шешімін табатын болды. Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру