Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Уақыт уыты

Қапырық вагон, қабарған жолсерік

теміржол тасымалының сапасына жаңа облыс ықпал етеді деп үміттенеміз  

22.04.2022
- Уақыт уыты
0
Қапырық вагон, қабарған жолсерік
123
БӨЛІСТІ
341
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 

Елімізде теміржол тасымалын ұйымдастырушы саналатын «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясына қарасты пойыздардың сапасына жиі сын айтылатыны жасырын емес. Әсіресе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Жезқазған-Алматы бағытында қатынайтын пойызы вагондарының жағдайы қалжырап тұр.

Жақында жұмыс бабымен  алып шаһар – Алматыға бардым. Осы сапарда біздің теміржол саласындағы сервистің әлі де дамымағанына тағы бір көз жеткіздім. Сервистен бұрын жалпы вагондар тозған, тазалық жоқ, ауызсу алатын орындар мен дәретханалардың жайы сын көтермейді. Плацкарт санатындағы вагондардағы жағдайды көзбен көріп, «біздің тасымал саласында отыз жылда жеткен жетістігіміз осы ма?» деген ойға қалдық.  Бір қызығы, терезелер ашылмайды, аптап ыстықта желдеткіштер жұмыс істемейді.

Вагонда телефон немесе ноутбукты қуаттауға еш мүмкіндік жоқ. Соған қарамастан «Қазақстан теміржолы» басшылығы жолақыны жыл сайын қымбаттатады. Алайда, соған орай қызмет сапасы да жақсарып жатса бір жөн ғой. Өкінішке орай, біз мінген вагондағы тазалық мәселесі сын көтермейтін болып шықты. Жолсеріктердің өздеріне тиесілі міндеттеріне жүрдім-бардым қарауы өз алдына,  ескерту айтсаң, өзіңмен жағаласа кетуге дайын тұр.

Қапырық вагонда әрең шыдап отырған жолаушылар терезені ашуға өтініш айтты. Жолсеріктер барарда да, қайтарда да терезенің ашылмайтындығын алға тартты.  Өкіртіп жаққан оттың ыстығына шыдамаған жолаушылардың бірі амалын жасап, терезені ашып кеп жібергенде, вагонның ішін самал жел желпіп қоя берді. Жолаушылар күні бойы азаптан құтылғандай бір серпіліп қалды сол сәт. Осыдан-ақ жолсеріктердің жолаушыларға талапқа сай жайлы сапарды қамтамасыз етуге құлықты емес екенін аңғарғандаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз

Құмарлық қақпаны

Құмарлық қақпаны

06.12.2024
Мақсат –экология мүддесі

Мақсат –экология мүддесі

19.04.2024

Бір жарым тәуліктен аса жол жүретін  пойыздың жағдайын жасап, жарқыратып қойса, жолаушыға да қызмет көрсетушілерге де жайлы боларын компания басшылығы қаперіне ала жүрсе дейсің осындайда. Бағасы жыл санап шарықтайтын пойыздардың сапаға келгенде тосылып қалатыны алып шаһарға жиі баратындарды да мезі етіпті. Оны вагон ішіндегі көпшіліктің сөзінен аңғару қиын емес.

Міне, бірер айдан соң Жезқазған аймағына облыс дәрежесін беріп, өндірістік өңір ретінде өз алдына даму көкжиегін қалыптастыруға тың бастамалар көтерілуде. Соның қатарында біз көтеріп отырған өзекті мәселенің де шешімі табылып, Жезқазған – Алматы бағытындағы пойызға жаңа вагондар беріліп, ескілері қызмет көрсетуден алынып тасталса деген тілек бар. Бұл – орталықтардан қашықта жатқан жезқазғандықтардың көптен бергі тілегі.  Халық тілегі ескерілсе, сапа да заманға сай жақсарады деп сенеміз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ,
«Мысты өңір».

 

Бөлісу49Твитерге31
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру