Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

«Қаныш Сәтбаев алаңы» ашылды

07.06.2024
- Мұқаба
0
«Қаныш Сәтбаев алаңы» ашылды
109
БӨЛІСТІ
304
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Облыс орталығы – Жезқазғанда биыл ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Соның бір парасы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен облыс әкімдігі арасындағы меморандум аясында атқарылуда. Осы екі жақты меморандум негізінде қолға алынған жұмыстардың алды сәтті аяқталып, қолданысқа берілуде.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бастамасымен және қаржылай көмегімен қаламыздағы көрікті жерлердің бірі саналатын бұрынғы «Металлургтер алаңы» заманауи үлгіде қайта жаңартылып, «Қаныш Сәтбаев алаңы» атауымен қолданысқа берілді.

Алаңның ашылу салтанатына «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев пен Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қатысып, жұртшылықты Халықаралық балалар күнімен және осы мереке күні пайдалануға берілген алаңның ашылуымен құттықтады.

– Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық және Жезқазған қаласының 70 жылдық мерейтойларына лайықты сый әзірлеу үшін біз «Металлургтер алаңын»  жаңғыртуды қолға алған едік. Биыл осы жұмыс сәтті аяқталып, елдің игілігіне беріліп отыр. Аталмыш алаңды академиктің құрметіне «Қаныш Сәтбаев алаңы» деп атауды жөн көрдік. Міне, осы көрнекті алаң балаларды қорғау күні қарсаңында ашылып отыр. Қос мереке, қос қуаныш құтты болсын, – деді Нұрахмет Қанатұлы өз сөзінде.

Орайы келгенде айта кетейік, алаңды жаңғырту жұмыстарын «Тансу констракшн» ЖШС жүргізді. Жаңа алаңда құрғақ фонтан, Серке Қожамқұлов театрына қарама-қарсы амфитеатр, балалар ойын алаңы, тынығуға арналған орындар қарастырылған. Одан бөлек, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстары атқарылды.

Іс-шара 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған мерекелік концертпен жалғасты.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Бөлісу44Твитерге27
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру