Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қылмыс пен жаза

Қанына тартқан ұл

27.06.2025
- Қылмыс пен жаза
0
Қанына тартқан ұл
67
БӨЛІСТІ
186
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Шағын қала тұрғындары жаға ұстатар оқыс оқиғаға ертеңіне-ақ құлақтанып үлгерді. «Әлгі атышулы Жарқынның ұлы бесіктен белі шықпай жатып Сәбиттің жалғызын ұрып өлтіріпті», – деген үрейлі сөз сымсыз телефонмен лезде бірден-бірге тарап жатты…

Нұрлан алтыншы сыныпта оқып жүргенде-ақ тентектігімен көзге түсті. Одан таяқ жеп, жәбір көрмеген аулада бала қалмаған. Көршілер оның Нұрлан деген есімін ұмытып, «бұзық бала» дейтін болды. Балалардың бәріне қырғидай тиетін. Жоқ жерде ілік тауып, көрінгенмен ұстаса кетеді. Әй-шай жоқ, жұдырығын ала жүгіретін.

Оның сотқарлығы мұғалімдерін де мезі етті. Бұл оқушысының тәртіпсіздігі үшін талай мұғалім сөзге қалды. Ақыры жетінші сыныпта оқып жүргенде-ақ полициядағы басбұзар балалардың тізіміне ілікті. Мектеп тоғызыншыны бітірісімен онымен қош айтысқан. Қаладағы тау-кен техникалық колледжіне жіберіп, құтылды.

Енді, міне, колледж атына «кір келтіріп» үлгерді. Қаладағы болашақ жұмысшы мамандардың ұясы ретінде кейінгі кезде қала басшыларының аузынан мақтау ести бастаған колледж еді. Енді оқушысы адам өлтіріп жатса, қайтіп оңбақ. «Әй, осы бала түбі абыройымызды айрандай төгеді, көріңдер де тұрыңдар!» – деп сақтық ойлаған білім ұясы тәлімгерлерінің айтқаны келді…

«Ана Нұрлан деген бұзық өзі қатарлас бір баланы таспен ұрып өлтіріпті», – дегенді естігендердің біразы бұл тосын оқиғаға соншалықты таңқала қойған жоқ. Оның сондай бір сойқанды жасайтынын алдын ала-ақ білгендей шырай танытқан. «Е, бала әкеге тартпай тұра ма, әкесі Жарқын да кезінде тура осындай атышулы тентек болатын. Бір емес, екі рет сотталып, бүгінде темір тордың аржағында жатыр емес пе! Осы баласы туған жылы жиырма жасында біреудің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Түрмеден сабақ алмады. Қамауда қапаста өткен күндер маңдайына таяқ болып тимеді. Босанып келгеніне жыл өтпей және біреуді өлімші қылып сабап және айдалып кетті…», – десті Жарқынды жете білетіндер.

Сондай-ақ оқыңыз

Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Ауыр және аса ауыр қылмыстар

20.06.2025
Кәнігі ұры

Кәнігі ұры

13.06.2025

Баласы да сол әкесіндей, біреумен шатаспаса тұра алмайтын. Сондай сотқар бола ма! Бәрі жаратылысынан да. Нұрлан біреуді жазым етіпті дегенді естігендер оның қылығын сан-саққа жүгірткен. Біреулер мұғалімдерінен көрген. «Мектеп бала тәрбиелеуді ұмытты. Ең бірінші орында тәрбие тұру керек қой. Ал мұғалімдер қырық бес минут сабақ берді болды. Ау, тал шыбықтай өсіп келе жатқан бозөкпелерді тәрбиелеп, өмірге баулу олардың басты міндеті емес пе! Ол ұмытылған бүгінде. Тәлім-тәрбие көрмеген бала сосын бетімен кетпек. Жас өскіндерді тезге салар ұлағатты орта болмаған соң олар қайтіп оңбақ. Айтары жоқ», – десті біреулер қынжыла.

Енді біреулер:

– Ол өзі колледжде оқымаушы ма еді? Мамандық беріп жатыр дейміз-ау, сол колледжге қайдағы бір қаққан-соққандар жиналатын көрінеді ғой… – деп әңгімені одан әрі қоюлата түскен.

Әңгіме тиегін ағытқандардың айтуына қарағанда, шешесі ауруханада жатса керек, Нұрлан бұзық осы оңашалықты пайдаланып, арақ ішуге аңсары ауады ғой. Іздегенге сұраған, өзімен бірге оқитын Сәрсен Нұрланның «көңіл көтерейік» дегеніне келісе кетеді. Содан екеуі кештете қала сыртындағы өзен жағасына барып, ішімдікті ортаға алады. Неше шиша домалатқанын кім білсін, бір кезде екеуі әбден қызады. Арақ бойларына желік бітірмей қойсын ба, әлден уақытта сөзге келіп қалады. Сол-ақ екен Нұрлан бойына біткен жындылығына басып, қолына түскен қомақты таспен ананың басынан бір қояды ғой. Ол ауыр соққыдан ұшып түседі. Нұрланның өзінің айтуынша, таспен бір-ақ рет ұрған көрінеді. Бір ұрғаннан адам жантәсілім етпесі анық. Сірә, Нұрлан серігінің демі таусылғанша төпелей берсе керек…

Дәл ажалына келіп тұрған ғой, Сәрсеннің ата-анасы да сол күні үйлерінде болмапты. Жақын маңдағы ауылдағы тойға барған олар таң ата оралса, үйлерінде жалғыз ұлдары жоқ. Ұлының телефоны жауап бермейді. Содан балаларын іздеп, көшеге шығады. Жолай кездескен көршілерінен, таныстарынан ұлын көрген-көрмегендерін сұрайды ғой. Көшеде ұшырасқан бір бала Нұрлан мен Сәрсенді кешқұрым дүкен маңынан көргенін айтады. Мұны естісімен жүгіріп Нұрланның үйіне барады. Есікті ешкім ашпайды. Анасының жүрегі бір жамандықты сезгендей байыз таппайды. Атышулы бұзық баламен бірге жүргенін естісімен бойын әлдебір мазасыздық дендеп алған. Сол бетте полиция бөлімшесіне барып, баласын іздеп жүргенін, ол кеше бұзық Нұрланмен бірге болғанын естігенін жайып салады.

Учаскелік инспектор дереу Жарқынның үйіне барады. Айтқандай, есік жабық тұр екен. Қайта-қайта қаттырақ қағып, біраз тұрады. Сәлден соң барып есікті Нұрлан ашты. Түнімен сылқия тойып ішкені көрініп тұр. Учаскелік инспектор үйдің іші-сыртын түгел тексеріп шықты. Бірақ Сәрсен табылмады. Және бір аңғарғаны бұл үйде ішімдік ішілмеген.

– Сәрсен екеуің ішімдікті қай жерде іштіңдер? – деп сұраған учаскелік инспекторға ол міңгірлеп:

– Ол түнде үйіне кеткен, – деді.

Учаскелік инспектор олар арақты бірге ішкен деген ой түйді.

– Қай жерде іштіңдер? – деп сұрап тұрмын мен сенен, – деді әлгі сұрағын қайталап.

– Өзен жағасында…

– Жүр! Көрсет сол жерді, – деп Нұрланды алдына салып полиция қызметкері өзенге беттейді. Сөйтіп Сәрсеннің жансыз денесінің үстінен шығады. Дереу кезекші бөлімге хабарлайды.

Нұрлан болса, жыламсырап:

– Мен оны таспен бір-ақ рет ұрдым. Оны өлтіру тіпті ойымда болған жоқ. Мас болып қалыппын… – депті.

… Біреудің өрімдей жалғыз ұлы жоқ жерде қыршынынан қиылды. Қанды қол иесі – әлі кәмелетке толмаған жас. Сонша қатыгездікке қалай барған десейші! Бұл тосын оқиғаны естігендер: – «Е, қанына тартпай тұра ма!» – десті.

Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру