Жұма, 18 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: қолдау

Қалдық қоймасы қараусыз емес

30.09.2022
- «Қазақмыс»: қолдау
0
Қалдық қоймасы қараусыз емес
124
БӨЛІСТІ
344
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған өндірістік аймағында 2013 жылға дейін кен байытқан №3 Сәтбаев байыту фабрикасы өндірістік үдерістерді тоқтатты.  Бұл нысанда  Сәтбаев қаласының маңында орналасқан кеніштерден жөнелтілген кендер байытылды. 

Қазіргі таңда тек Жезқазған байыту фабрикасының  құрамындағы  өндірістік нысанда қалдық қоймасы ғана жұмыс жасап тұр.  Апта басында №1,2,3 Жезқазған байыту фабрикаларының директоры Мұрат Бөрібаев  нысанда болып,  атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен баяндады.

Жалпы аумағы 760 гектар болатын бұл қойма 2013 жылға дейін Сәтбаевтағы байыту фабрикасының қалдық қоймасы  ретінде қызмет етсе, аталған фабриканың жұмысы уақытша тоқтауына байланысты қаладағы жылу қазандығының күлі төгілетін орын ретінде қажетке жарап келеді. Қойманың 360 гектардай болатын ашық бөлігінен желді күндері шаң көтеріліп, қала тұрғындарына қолайсыздық туғызып келген болатын. Шаңды басу үшін аталған аумақты суару әдісі қолданылды. Қойманы рекультивациялау (жабу) жұмыстары 2019 жылы басталды. Бірінші кезекте 60,2 гектар аумақ жабылды. 2021 жылы тағы 90,2 гектар аумақты жабу жұмысы басталды.  Оны  мердігер компания – «Спецмаш»  ЖШС атқарды.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Компания басшылығының шешімімен, қала тұрғындарының, қалалық мәслихат, қоғамдық кеңестің өтінішімен қойманы биыл толық жабу туралы шешім қабылданып, қалған 212 гектар аумақты рекультивациялау үшін «Нұра Агро Құрылыс», «Sinergy» компаниялары мердігер ретінде тартылып, қазіргі таңда қойма басында қызу жұмыс жүріп жатыр. Бекітілген талап бойынша қоймадағы пульпа беті 30 см қалыңдықта тасты топырақпен жабылады.

– Қала  іргесінде орын тепкен аумақтағы қалдықтарды жабу жұмыстары 2019 жылы басталды.  Осы маңдағы Анненск-3 карьерінен тас үйінділері аршылып алынып, осы аумақты жабуда. Бұл жұмыстар биыл жыл соңында аяқталады.    Қазақмыс басшылығы  бұл бағытқа  997 920 000 теңге қаржы бөлді.   «Нұра Агро Құрылыс», «Sinergy» компаниялары 50-ге тарта техниканы жұмылдырып, жұмысты  кестеге сай сапалы орындауда, – деді Мұрат Ерболатұлы.

Бір сөзбен айтқанда,  фабрикаға тиесілі қалдық қоймасы қараусыз емес. Оған корпорация басшылығы стратегиялық маңыздағы нысан ретінде көңіл бөліп отыр.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

Бөлісу50Твитерге31
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру