Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Қалам иелерінің мәртебесін өсірді

01.07.2022
- Мерей
0
Қалам иелерінің мәртебесін өсірді
80
БӨЛІСТІ
221
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жыл сайын елімізде 28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні ретінде атап өтіледі. Қоғамда орын алып жатқан жаңалықтарды халық қажеткізу жолында тер төгіп жүрген сала мамандарын ұлықтау шарасы биылғы жылы да жалғасын тапты.

«Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы, «КәсіпҚорған» кәсіподағы басшылығы мен кәсіподақтың Жезқазған филиалы, «JastarBolashaq» Жастар одағы аймақтағы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

«Мысты өңір» газетінің ұжымына арнайы келген «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының өкілі Әлия Өксікбаева құттықтауын жеткізе келіп, журналистика саласының ардагерлері Амандық Рахұлына, Әлібе кӘбдіраш пен Шахмұрат Ибадатовқа филиалдың атқарушы хатшысы атынан Алғыс хат пен ақшалай сыйақы табыстады. «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы төрағасының орынбасары Сержан Жақсыбеков өндіріс пен өңірдің тыныс-тіршілігін қатар қамтып отырған басылымның алдағы еңбегіне жеміс тілей келіп, «Мысты өңір» газеті редакциясы» ЖШС директоры әрі редакторы, кәсіби мерекеде Қазақстанның Құрметті журналисі атағын иеленген Төлеш Асановты, аға тілші Бағдат Қазкеновті филиал төрағасының Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен марапаттады.

Бүгінде іргелі ұйымға айналып, қанатын кеңге жайған «Қазақмыс Холдинг» ЖШС еңбеккерлерінің «JastarBolashaq» Жастар одағының газетпен арадағы байланысы жүйелі түрде қалыптасқан. Сондықтан жастар ұйымы өндірістік басылымның қызметкерлерін биыл да марапаттап, құрметтің үлгісін көрсетті. Газеттің дизайнері Гүлиза Ақышева мен  газет таратушы Кенжекүл Қамбасова Жастар одағының марапатына ие болды.

Жылына бір келетін кәсіби мерекеде аталмыш ұйымдар қалам иелерінің мәртебесін осылайша өсіріп, шабыттандырды.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Бағдат АЙТӨРЕ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру