Сәрсенбі, 16 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Қажырлы еңбек иелері

15 қараша – Ұлттық валюта күні, ҚР қаржы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

11.11.2022
- Бағдар
0
Қажырлы еңбек иелері
71
БӨЛІСТІ
198
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

15 қараша Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енген күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Қос тойы қабат келетін атаулы күнде қаржы саласының қызметкерлерінің мерейі еселене түседі.

1993 жылдың 15 қарашасында ұлт­тық валюта – теңге қаржы нарығында айналымға енді. Осы жылдар ішінде қазақтың төл теңгесі уақыт тезінен өтіп, тәуелсіз елдің ұлттық валютасы ретінде танылды. Бұл Қазақстанның даму тарихындағы ең айқын парақ­тардың бірі және бұл тарихи шешуші оқиғаның бірі, әрі болашақ үшін бағасы биік болды. Ал, еліміздің өсіп-өркендеуі жолын­да қаржыгерлердің қызметі, сіңірген еңбегі ерен. Олар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тоқырау кезінде, ел экономикасы нығайып, өркендеген тұс­та, жан-жақтан дағдарыс қысып, жұрт қалтасына жүк түскенде де мемлекет қаржысының тиімді жұм­салуын қада­ғалап, экономиканың өрге басуын қамтамасыз етіп келді.

Қаржы секторы елдің эконо­микасын еселеп, одан әрі нығайтатын сала.  Еліміздің экономикасының дамуы мен әл-ауқатының артуында қаржыэкономика саласы қызметкерлерінің еңбегі өте зор. Себебі, бұл салада қызмет жасап жүрген барлық азаматтар ел тағдырын шешетін жоспарлау, есеп-қисапқа аса жауапкершілікпен қарау оңай шаруа емес екені белгілі. Дегенмен, сала қызметкерлері өздеріне жүктелген зор жауапкершілікті сезінеді.

Қай салада болсын  қаржы нарығын бақылап, бекітілген бюджетті ысырап етпей жөнімен жарату басты міндет екені анық.Бұл тұрғыдан алғанда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндірістік бірлестіктерінде экономикалық жоспарлау бөлімінің қызметі жолға қойылған.  «Жезқазғантүстімет» ӨБ-ндегі экономикалық жоспарлау  бөлімі жыл басында бекітілген жоспарға сай жұмыс атқарып, кен өндіру, байыту салаларындағы шығындарды реттеуші бірден-бір құрылым.  Ұлттық валюта күнімен қатар келетін қаржыгерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің қаржы директоры Бауыржан Ахметовпен  тілдесіп қайтқан болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз

Төлеген БҮКІРОВ,  Ұлттық құрылтайдың мүшесі:  «Ұлы  даланың ұлық жиыны –  қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

Төлеген БҮКІРОВ, Ұлттық құрылтайдың мүшесі: «Ұлы даланың ұлық жиыны – қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

14.02.2025
Аймақ дамуының айқын бағыттары

Аймақ дамуының айқын бағыттары

10.01.2025

Биылғы жылды табысты қорытындылап, келер – 2023 жылдың бюджетін бекіту жұмыстары қызу жүріп жатса да Бауыржан Тұрғанұлы уақыт тауып экономикалық жоспарлау бөлімінің  негізгі қызметі жайында әңгімелеп берді.

– Біздің негізгі мақсатымыз – өндірістік бірлестікке қарасты 5 кеніш пен Жезқазған байыту фабрикасына әр жылда жоспарға сай бекітілген қаржы көзін тиімді пайдалануға, шығынсыз жұмыс атқаруға бақылау жасау. Аталмыш бөлімнің әрбір кеніш пен фабрикада және қосалқы кәсіпорындарда бөлімшелері бар. Оларға қаржы-экономика саласының білікті мамандары жетекшілік жасайды. Биылға бекітілген қаржыны толығымен игеруді жоспарлап отырмыз. Өзіміздің төл мерекеміздің қарсаңында 2022 жылдың жоспарланған межесін еңсеріп, 2023 жылдың бюджетін жасақтау үстіндеміз. Бұл бір күндік жұмыс аясын қамтитын шаралар емес. Бір ұжым болып әрбір бекітілген қаражаттың тиімді жүзеге асырылуына атсалысуда.

Экономикалық жоспарлау бөлімінде қазіргі таңда 60-қа жуық маман еңбек етуде.  Солардың қатарында  тәжірибелі, майталман қаржыгер ретінде Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы Зәуре Жиенбаева, Батыс кенішіндегі бөлім басшысы Әнуза Жайнбаева,  Жыландыдан Галина Шеремет,  Жезқазған байыту фабрикасында Құрбанкүл Байкенжинова  саланың нәтижелі жұмысына үлес қосып келеді.  Біздің ұжымда жастардың үлес салмағы басым. Жомарт кенішіндегі бөлім басшысы Мейрамбек Оспанов,  Жыланды кенішінде Кәмшат Әуезова, Жезқазған байыту фабрикасынан Айман Омарова, Шығыс Жезқазған кенішінен Гүлшат Рахымжанова мамандыққа  деген адалдықтарын танытуда. Қазіргі таңда экономикалық жоспарлау бөліміне Вероника Осипова басшылық жасауда.

Біздің жұмысымыздың негізгі көрсеткіші жоспармен бекітілген қаржыны мерізімде игеріп,  артық шығын жұмсалмауын бақылау. Осы мақсатта «Жезқағантүстімет» ӨБ экономикалық жоспарлау бөлімі  қажырлы еңбек атқарып отыр деуге толық негіз бар.

Жалпы, қаржы саласының қызметкерлері еліміздің әлемдік экономикада өз орнын тауып, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыруда, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтауда, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді. Сондықтан сала мамандарының еңбегі қажырлы деп толық айталамын.

Ұлттық валюта күнімен қатар аталып өтілетін қаржыгерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында барша әріптестерімді құттықтап, қаржы нарығындағы жауапты да күрделі еңбектеріне табыс  тілеймін, – деп сөзін түйіндеді Бауыржан  Ахметов.

Бауыржан Тұрғанұлы қаржы саласындағы білімі мен тәжірибесінің арқасында қызметтік сатыда өсіп келеді.  Еңбек жолын «Балқаштүстімет» ӨБ-нің шаруашылық есеп бөлімінде бастады. Тоғыз жылдан бері «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің экономикалық жоспарлау бөлімнде  қызмет жасап,  бөлім басшысы болды. Бауыржан Ахметов «Балқаштүстімет» ӨБ-нде еңбек етіп жүргенде Ғайни Машүрбекованың,  Жезқазғанға келгенде Гүлсара Бикбаувтың тәлімінен өтті. Бүгінгі таңда кәсіби біліктілігі жоғары маман өз ұжымын табысқа бастап отыр.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Суретте Бауыржан Ахметов.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру