Дүйсенбі, 2 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Қадырдан қалған қарашаңырақ

қалыпты жұмыс істеуде

10.11.2023
- Өндіріс өрісі
0
Қадырдан қалған қарашаңырақ
165
БӨЛІСТІ
459
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қадырдан қалған қарашаңырақ қазір де қалыпты жұмыс істеп тұр. Оның тізгіні бүгінде баласы Мұрат Мәткеновтың қолында. Күні кеше, ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Мұрат Қадырұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл әке ісін абыроймен жалғап жүрген баланың жұмысына берген бағамен бірдей…

– Марапат құтты болсын, Мұрат Қадырұлы!

– Рахмет! Шынымды айтсам, бұл мен үшін үлкен марапат. Мен осы салаға келгенде ең бастысы әке ісін абыроймен жалғастыруды мақсат етіп едім. Сірә, сол үдеден көріне алған шығармын.

– Қадыр аға ақтық демі таусылғанша осы қарашаңырақты шайқалтпаймын деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрді ғой. Зауыттың қазіргі тыныс-тіршілігі қалай? Ана бір кездері консервацияға қойылады деген әңгіме айтылып қалып еді. Соның жайы не болды? Әңгімені осыдан бастайықшы.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

– Иә. Мұндай әңгіме болғаны рас. Оған өңір жұртшылығы өре тұрып қарсылығын білдірді. Мен де Нұрахмет Қанатұлына кіріп, мән-жайды түсіндірдім. Егер, Қарсақбай металлургиялық зауыты жұмысын тоқтатса, жүздеген адам жұмыссыз қалатыны өз алдына, тұтас кенттің жағдайы тұралайтынын айттым. Өйткені кент тұрғындарын сумен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған – осы зауыт.

Басқарма төрағасына рахмет. Жағдайымызды түсініп, жұмысты жалғастыруға рұқсатын берді. Рас, өндірісте бірқатар оңтайландыру да болды. Бұрын мұнда екі жүзге жуық адам жұмыс істейтін еді. Қазір 105-тей адам қалды. Бірақ, жұмыс ауқымы кеміген жоқ. Біздің жұмыскерлер кез келген көлемде және кез келген формадағы бұйымдарды құйып шығаруға қауқарлы екендерін көрсетте алды.

– Бүгінгі таңда зауыттың қарамағында қанша цех жұмыс істеп тұр? Олар мамандармен толық қамтамасыз етілген бе?

– Қазір бізде зауыттың негізгі өзегі – құю-механикалық учаскесінен басқа эксковатор-бульдозер шаруашылығы, су тазарту цехы тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұған дейін кенттегі әлеуметтік маңызды нысандарды жылумен қамтамасыз ету де осы зауыттың еншісінде болатын. Алайда, жылу қазандығының ұзақ жыл күрделі жөндеу көрмеуі, тарифтің шығында ақтамауы салдарынан біз жылу қазандығының жұмысын тоқтатуға мәжбүр болдық. Қазір кенттегі әлеуметтік маңызды нысандар – мектеп, балалар бақшасы, аурухана, мәдениет пен спорт нысандары модулдік жылу қазандықтары арқылы жылытылатын болды.

Зауыттың айналысатын тағы бір өзекті саласы – кент тұрғындарын, нысандарды электр қуатымен қамтамасыз ету. Рас, тоқ желілері біздің зауытқа қарамайды. Бірақ, оған қарайтын, жұмысын жолға қоятын арнайы мекеме тағы жоқ. Сондықтан, бұл істі біз өз мойнымызға алдық. Тоқ желілерінің бәрі ескірген. Тансформаторлардың кейбірі сонау ағылшындардан қалған құрылғылар. Осылардың бәрін зауыттың күшімен жамап, жасқап отырған жайымыз бар. Сондай-ақ, халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін 16 шақырымдық су құбырларын күтіп ұстау да біздің мойнымызда.

– Жылу қазандығы жұмысын тоқтатыпты. Ал, онда жұмыс істейтін мамандар қайда кетті?

– Әлігінде айттым ғой. Зауытта оңтайландыру процесі болды деп. Бұл құю-механикалық зауытының жұмысына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Кейбір мамандарымыз Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы өндіріс орындарына ауысып кетті. Сол мамандарды осы жылу қазандығының жұмыскерлері есебінен толықтырып отырмыз. Яғни, оларды жергілікті жерде білікті мамандардың қасына қойып, оқытып, үйретіп жатырмыз. Олар бірер айда жаңа мамандықты меңгеріп алып жатыр.

– Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету – өңірлердегі өзекті мәселелердің бірі ғой. Осы жағын тарқата айтып өтсеңіз.

– Иә, су – тіршілік көзі. Бұл мәселе еш уақытта өзінің маңыздылығын жойған емес. Биылғы жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы бұған ерекше мән беріп, бірқатар тапсырмалар да жүктеді. Соған сай біз де халықтың байлығы суды тиімді әрі сапалы жеткізуді қолға алып отырмыз.

Негізі біздің су тазарту цехы арқылы келетін ауыз судың қуаты 15-20 колонкаға ғана арналған. Алайда біз, халықтың өскелең талабын қанағаттандыру мақсатында ауыз суды барлық үйлерге кіргізіп бердік. Сәйкесінші қуатын да көтердік. Бірақ, жаз күндері су кенттің жоғары аймақтарындағы тұрғындарға толық жетпей жатады. Оған елдің бау-бақшаларын суаруы әсер етеді. Келешекте шаруашылыққа қажетті су беретін құбыр тарту да жоспарымызда бар. Бұл бағытта «Қазақмыс» корпорациясының басшыларына рахметімізді айтамыз. Корпорация тарапынан кенттегі су қоймасының дамбасын жөндеу қолға алынбақ.

– Соңғы сауал, зауытта кент тұрғындарының қаншасы жұмыс істеп, нәпақа тауып отыр?

– Әкем марқұм Қарсақбайдың зауыты қарсақбайлықтар үшін жұмыс істеуі тиіс деп отырушы еді. Мен де осы әкем ұстаған позициядан алшақ кетпеуге күш салып жатырмын. Сөзімнің басында айтып өттім емес пе, менің бар мақсатым сол – әке ісін абыроймен жалғастыру деп. Осы орайда мен зауытта Қарсақбайдағы әр үйден бір адам жұмыс істеуіне мән беремін. Мейлі ол құюшы, мейлі ол токарь, мейлі ол қалып жасаушы, су маманы болсын.

Шүкір, халықты шамамыз келгенше жұмыспен қамтып отырмыз. Бұл мәселені корпорация басшыларына да шамам келгенше жеткізіп бағудамын. Қалай болғанда да жұмыс көлемін кемітпей, жұмыскерлерді қысқартпай жұмыс істеуге күш салып бағудамыз. Бұған басқарма басшысы Нұрахмет Нүриев те түсіністікпен қарауда екенін атап айтқым келеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу66Твитерге41
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру