Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Пышақсыз ота жасалды

Ұлытау облысында алғаш рет бүйрекке заманауи әдіспен ерекше операция жасалды.

11.04.2025
- Жаңалықтар
0
Пышақсыз ота жасалды
72
БӨЛІСТІ
201
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған медициналық орталығының базасында шеберлік сыныбы аясында өткен лапароскопиялық нефрэктомия, яғни пышақсыз операцияға PhD, Астана қаласындағы көпсалалы медицина орталығы директорының орынбасары, Қазақстанның онкоурологтар қоғамының төрағасы Талғат Құрманов жетекшілік етті.

Лапароскопиялық әдіс дәстүрлі операциямен салыстырғанда анағұрлым заманауи және аз инвазивті. Осыған дейін біздің облыста бұндай хирургиялық араласу ұзындығы 30 сантиметрлік тілік арқылы жасалатын. Бұл науқастардың қалыпты өмірге оралуы мен операциядан кейінгі айығуын қиындата түсетін. Ал, тіліксіз әдіс пациенттерге операциядан соң 1 – 2 сағат ішінде аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік береді.

Операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен, яғни ақысыз жүргізілді. Терминалдық гидронефроз (бүйректің жарамсыздығы) диагнозы бойынша есепте тұрған екі науқас та МӘМС жүйесінде сақтандырылған. 50 жастағы Айбат Байжантаев үшін жұмыс берушісі айма-ай МӘМС төлемдерін аударса, сәтбаевтық Любовь Пахарокова – зейнеткер ретінде жеңілдік санатында.

Бұл операция Ұлытау облысында алғаш рет жүргізілгенін атап өту маңызды. Бұрын мұндай араласуды жүзеге асыру үшін пациенттер басқа қалаларға баруға мәжбүр болатын, бұл айтарлықтай қолайсыздықтар тудыратыны белгілі. Алайда, бүгінгі тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген шеберлік сыныбынан кейін Жезқазған урологтары мұндай операцияларды өз бетінше жасай бермек.

Жалпы 2025 жылдың басынан медициналық орталықтың урология бөлімінде МӘМС шеңберінде 100 науқасқа операция жасалды.

Сондай-ақ оқыңыз

Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025

Өз тілшіміз.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру