Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Президент кеңесшісі – Жезқазғанда

12.07.2024
- Шарайна
0
Президент кеңесшісі – Жезқазғанда
79
БӨЛІСТІ
219
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жуырда ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Ұлытау облысына келді. Кеңесші сапар барысында «Хан Ордасы» кешенінде қоғам өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда айтылған түйткілді мәселелер кеңінен тарқатылды. Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы айтқан «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» идеясына тоқталып, ұлытаулықтарға Президенттің сәлемін жеткізді.

– Ұлттық құрылтайда  Президентіміздің бағдарламалық баяндамасы біздің шын мәнісіндегі қоғамның дамуына серпіліс беретін идеологиялық үлкен құжат деп есептеледі. Президентіміз  қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп сол мәселелердің шешу жолдарын анық көрсеткен болатын. Негізінен бұл Ұлттық құрылтайдағы баяндамасы біздің алдағы уақыттағы жоспарларды жүзеге асыруға, мемлекеттің саяси идеологиялық бағытындағы жұмыстарға серпіліс беретін үлкен құжат. Ұлытау облысына арнайы келіп отырмын. Ең бірінші мақсатымыз Президенттің ықыласын жеткізу және сіздің ұсыныс-тілектеріңізді Президентке жеткізу, – деді Президент кеңесшісі өз сөзінде.

Кездесуге жиналғандар Президент көтерген бірнеше мәселені ортаға салды. Жошы ұлысының 800 жылдығы да осы жиында тілге тиек етілді.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

– Жошы ұлысын әлі де зерттеу керек. Археологиялық зерттеулер тоқтап тұр. Айтулы дата аясында Жошы ұлысының тарихын зерттеп, бекемдеу керек, экспедиция жасау қажет, – деген ұсынысын жеткізді жиында Ұлытау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов.

Келелі кездесу облыстың имамдарымен де өтті. Оған Ұлытау облысы аумағында қызмет етіп тұрған мешіттердің бас имамдары қатысты. Жиынды ашқан кеңесші Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» үшінші отырысында дәстүрлі діни құндылықтарымызға қатысты айтқан ойларын ортаға салды.

Президент кеңесшісінің сапары «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені, Алашахан, Домбауыл кесенелерін аралауға жалғасып, Ұлытау ауданындағы тарихи орындарында түйінделді. Бұған дейін республикамыздың 12 облысында өткен осындай келелі кездесу әрі қарай қалған өңірлерде жалғасын таппақ.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру