Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

«Полиция халыққа жақын болуы керек»

21.10.2022
- Бағдар
0
«Полиция халыққа жақын болуы керек»
87
БӨЛІСТІ
241
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысына арнайы сапармен келген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Жезқазған қаласындағы Достық үйінде өңірде жаңадан құрылған облыстық полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамына осылай деп пәрмен берді.

Министрдің жезқазғандықтармен кездесуінде ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру, қылмыстың алдын алудағы шаралар барынша жұртшылықтың алдында баяндалды. Марат Мұратұлы бір сағаттан аса полиция қызметінің бүгінгі ахуалын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жиналған жұртшылық министрдің мемлекеттік тілде анық та айқын жасаған баяндамасына оң баға берді.  Марат Ахметжанов  еліміз бен Ұлытау облысындағы саланы жүйелендіру, қағазбастылықтан арылып, цифрландыруға бет бұрудағы бастамалардың қарқын алып отырғандығын жеткізді.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстанды қалыптастыру ұстанымына сәйкес ішкі істер органдарында да жаңаша бағытта жұмыстар жүзеге асуда. Технология дамыған заманда біз қағазбастылыққа иек артпай, цифрландырудың тетіктерін тиімді пайдалануымыз керек. Сондықтан қазір әр облыстағы полиция департаменттерінде қылмысты алдын алу, қылмыстық құрамы бар оқиғалар орын алған жағдайда қылмысты жедел ашу, ұрлық-қарлықты тыюда бізге осы жаңаша бағыт көп септігін тигізеді. Тіпті қазір мен өз жұмыс орнымда отырып цифрланға жүйе арқылы Ұлытау облысының қалалары мен аудандарындағы, шағын кенттеріндегі жағдайларды бақылай аламын. Ұлытау облысында құрылған полиция департаментінің басшысы Қайыркен Әлиевке осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіріп, қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды күшейтуді тапсырамын.

Сондай-ақ оқыңыз

Төлеген БҮКІРОВ,  Ұлттық құрылтайдың мүшесі:  «Ұлы  даланың ұлық жиыны –  қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

Төлеген БҮКІРОВ, Ұлттық құрылтайдың мүшесі: «Ұлы даланың ұлық жиыны – қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

14.02.2025
Аймақ дамуының айқын бағыттары

Аймақ дамуының айқын бағыттары

10.01.2025

Өңірдің кримогендік ахуалы ойландырарлық дәрежеде. Бұрын Қарағанды облысында 1 млн-ға жуық халық болатын. Қазір Ұлытау облысында 220 мың адам бар. Облыста 17 адам адам өлтіру дерегі тіркелген. Мәселен, Астанада бұл көрсеткіш 20-ға тең, онда 1,2 млн халық тұрады. Облыста жасалған адам өлтіру қылмысының жартысынан көбі Сәтбаев қаласында болған. Сәтбаев қаласының криминогендік жағдайы өте қиын. Халық санына шаққанда басқа да қылмыстардың түрі жоғары деңгейде сақталып отыр. Сондықтан біз халықтың қауіпсіздігін сақтап, бұл қылмыстарды болдырмауымыз керек.

Мал ұрлығы, жол көлік апаты, есірткі саудасы сынды елді алаңдатқан мәселелер де біздің назарымыздан тыс қалмауы үшін біз нақты шараларды жүзеге асырудамыз. Ол үшін заңдардың пәрменділігін күшейтіп, кейбір әкімшілік жаза ретінде қаралып келген оқиғаларды қылмыстық әрекет деп тану арқылы қылымстың алдын алуға негіз бар, – деді Марат Мұратұлы.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов облыс тұрғындарымен кездесуі барысында жұртшылықтың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Айта кеткен жөн болар, министрдің өңір  жұртшылығымен жүздесуі мемлекеттік тілде өтіп, ашықтық, жариялылық сынды қағидаттар басты назарда болды. Жезқазғандықтар министрмен кездесудің мұндай бағытта өткеніне риза болып тарқасты.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

 

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру