Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Патриоттық тәрбиеге үндеуде

10.11.2023
- Бағдар
0
Патриоттық тәрбиеге үндеуде
100
БӨЛІСТІ
277
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС политехникалық колледжінде «Қайсар» патриоттық әскери-спорт клубының қатарына қабылдау үшін ант қабылдау рәсімі өтті. Аталмыш колледждің 21 бірінші курс студенті ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстанның мемлекеттік мүдделерін батыл қорғауға салтанатты түрде ант берді.

«Қайсар» клубы 2016 жылы «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысы аясында құрылып, «Қарағанды облысының Патриоттық және әскери-спорт клубтары федерациясында» тіркелген.

«Қайсар» клубының мүшелері арасында ақпараттық-тәрбиелік, моральдық-адамгершілік және кәсіби іс-шаралар өткізіліп отырылады. Колледж студенттерімен әскери-патриоттық жұмыс үш бағытта жүргізіледі: жалпы дамыту, бастапқы әскери даярлық негіздерін теориялық білу бойынша әскери-қолданбалы практикалық сабақтар; бастапқы әскери даярлық курсынан өту қорытындысы бойынша оқу-далалық жиындар. Колледж ұжымы сонымен қатар «Ауған соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің жауынгерлік бауырластығы» ҚБ, Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімімен және № 53898 әскери бөлімімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Өз қызметі барысында «Қайсар» клубы көптеген жетістіктерге қол жеткізген. «Қайсарлықтар» 2018 жылғы қала колледждерінің студенттері арасында әскери-спорттық турнирлердің чемпиондары болып табылады, сондай-ақ, «Отан қорғаушы-2018» облыстық әскери-спорттық турнирінің, «Айбын-2019» облыстық турнирінің, «Жас сарбаз-2022» турнирінің және 2023 жылғы Қарағанды облысының колледж студенттері арасында облыстық әскерилендірілген кросстың жүлдегерлері болды.

Салтанатты рәсім барысында «қайсарлықтар» атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша практикалық білімдері мен шеберліктерін паш етті, автоматтарды жедел және тез бөлшектеп-жинап, 16 кг салмақтағы кір тасын көтеріп, пневматикалық мылтықтан оқ ату бойынша жақсы дайындықтарын көрсетті.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру